Қараша айының 15 күні қазақ халқының біртуар перзенті Мәлік Ғабдуллиннің туғанына 110 жыл толып отыр.
Көкшетау қаласы «Даңқ» аллеясындағы Батыр ескерткішіне Ақмола облысы мәдениет басқармасы Мәлік Ғабдуллин музейі мен Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы ұжымы гүл шоқтарын қойып, батыр рухына тағзым етті.
ҚР ТЖМ М.Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академия бастығының міндетін атқарушы, техника ғылымдарының кандидаты, азаматтық қорғау полковнигі Жандос Макишев пен Мәлік Ғабдуллин музейінің аға ғылыми қызметкері Аягөз Махметова даңқты жерлесіміздің ерлігі кейінгі ұрпақ үшін үлгі, өнегеболып қала беретіндігін атап өтті.
Есімі еліміздің мәңгілік тарихи тақтасына алтын әріптермен жазылған Мәлік батырдың ерлік жолы мен өнегелі өмірі ел жадында мәңгі сақталады.
15.11.2025
Қараулар: 138