Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
Ата заңым – айбыным

26 тамызы күні Қазақстан Республикасы Конституциясының 27 жылдығына орай Мәлік Ғабдуллин музейінің қызметкері Оралбек Нүрүш Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясында «Ата заңым – айбыным» атты тақырыпта дәріс оқыды. Дәрісті академия курсанттары мұқият тыңдап, өздерінің білгендерін де ортаға сап, белсенділік танытты.

Іс-шара соңында қазақтың дала заңынан бастап, қазіргі таңдағы ата заңымызға дейінгі кезді қамтитын «Дала заңынан Тәуелсіз елдің ата заңына дейін...» деп аталатын көрме таныстырылды. Осы көрмеден білікті де білекті курсанттар «Есім ханның ескі жолы», «Қасым ханның қасқа жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысы», Алаш қайраткерлерінің елге сіңірген еңбектері, Жер тағдырын шешуге ат салысқан Жұмабек Ташенов жайлы, желтоқсан боздақтары жайлы мәлімет алды.

26.08.2022

Қараулар: 553

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау