Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
Айбынды елдің рухты ұрпағы

Ақмола облысы мәдениет басқармасының Мәлік Ғабдуллин музейі КММ қызметкерлері Республика күніне орай 20 қазан күні Астана қаласындағы Ұлттық қорғаныс университетінің М. Ғабдуллин атындағы әскери-гуманитарлық ғылымдар факультетінде «Айбынды елдің рухты ұрпағы» атты іс-шара өткізді.

Мақсаты: М.Ғабдуллин атындағы факультеттің тыныс-тіршілігімен танысу және факультет тыңдаушыларын Мәлік батырдың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру болып табылады.

Іс-шараға факультет офицерлері, магистранттар мен доктаранттар қатысты. Тағылымды кездесуде музейдің атқарып жатқан жұмыстарына шолу жасалып, М. Ғабдуллиннің өмірі мен шығармашылығына арналған «Ғажайып өмір баспалдақтары» атты жылжымалы көрме таныстырылды және көпшілік назарына Батырдың елге келген сапарынан түсірілген 1943 жылғы деректі фильм көрсетілді.

Сондай-ақ, іс-шара аясында магистранттарға «Ердің елге жақсылығы», «Бауыржан Момышұлының «Психология войны» кітабы жайлы ақпарат» атты дәрістер оқылды. Кездесу соңында факультет деканы Бегім Ілиясовпен бұдан былай да тығыз қарым-қатынаста, бірлесе отырып танымдық іс-шараларды өткізіп тұру туралы уағдаластық.

20.10.2022

Қараулар: 575

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау