14 желтоқсан күнi М.Жұмабаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кiтапханасы және Мәлiк Ғабдуллин музейiнiң бiрлесе ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 30 жылдығына арналған «Тәуелсiздiк туы астында туғандар» атты телебағдарламалық форматта ток-шоу өттi.
Мақсаты: Әр сала бойынша елдiң дамуына елеулi үлес қосып жүрген, Тәуелсiздiк құрдастарымен кездесу және олардың өздерi таңдаған қызметте жетiстiкке жету жолымен бөлiсу;
Тәуелсiздiк құрдастарының өсу жолдары мен жеткен жетiстiктерiн өскелең ұрпаққа үлгi-өнеге ету;
Iс-шараға әр салада абыройлы қызмет етiп жүрген тәуелсiздiк құрдастары мұғалiм Айбек Бiрiмжанов, жеке кәсiпкер Бота Калиева және журналист Аманбаева Гульмира қатысты.
Қазақстан-Көкшетау телеарнасының тiлшiсi Абзал Балтабаевтың тiзгiндеуiмен өткен ток-шоуға қатысқан қонатар өздерiнiң өмiр жолдарын, әр сала бойынша Тәуелсiз елдiң дамуына үлес қосқан дәрежелi жетiстiктерi туралы баяндап бердi.
Iс-шара соңында Тәуелсiздiк құрдастарына алғыс хаттар мен естелiк сыйлықтар табысталды.
Ток-шоу «Тәуелсiздiк туы астында туғандар»
14.12.2021
Қараулар: 1052