5-8 мамыр аралығында Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы № 3 облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектебiнде Жеңiс күнiне және даңқты жерлесіміз Мәлік Ғабдуллиндi еске алуға арналған XX дәстүрлi республикалық бокс турнирі өтті.
Турнирде Астана, Көкшетау, Екібастұз, Алматы қалалары мен Ақмола облысына қарасты Степногорск, Бестөбе, Шучинск қалаларынан және Зерендi, Целиноград, Есіл аудандарынан келген барлығы 170 боксшы өз бақтарын сынады.
XX дәстүрлi республикалық бокс турнирінің жабылу рәсіміне Мәлік Ғабдуллин музейінің директоры Кенжебай Мукушев қатысып, жүлдегер атанған спортшыларды марапаттады.
05.05.2024
Қараулар: 384