Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
І Республикалық тұлғалық музейлер фестивалі

Биылғы жыл Мәлік Ғабдуллин музейі үшін мерейлі жыл!Көкшетау қаласында Батыр музейінің ұйымдастыруымен І Республикалық «Мәңгілік тұлғалар» атты тұлғалық музейлер фестивалі өтті. Бұл салтанатты шара Кеңес Одағының батыры, академик, жазушы, қоғам қайраткері Мәлік Ғабдуллиннің 110 жылдығы мен Батыр музейінің 30 жылдығына және Халықаралық музейлер күніне арналып отыр.

Музейлер фестивалі республикамыздағы тұлғалық музейлермен өзара байланысты нығайту; қазақ мәдениетіне, әдебиетіне мен тарихына өлшеусіз үлес қосқан ұлы тұлғалардың өмірі мен шығармашылығын насихаттау және музейлердің шығармашылық бастамаларын ынталандыру мақсатында ұйымдастырылды.

Фестивальге Ы.Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық музейі, Торғай жерінен Ә.Жангелдин мұражайлар кешені, Ақмола облысынан І.Есенберлиннің әдеби музейі, Солтүстік Қазақстан облысынан «Абылай хан резиденциясы», Алматы облысынан Ж.Жабаевтың әдеби-мемориалды музейі мен М.Мақатаевтың әдеби музейі, Ақтөбе қаласынан Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейлері қатысты.

Мәлік Ғабдуллиннің 110 жылдығы мен Батыр музейінің 30 жылдығын мерекелеу барысында бірлескен шығармашылық жобаларға және музейаралық кәсіби қарым-қатынасқа жол салынып, заманауи музей жұмысы мен жаңа форматтағы музей ісін жүргізу жұмыстары насихатталды.

 

05.05.2025

Қараулар: 194

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау