20 қараша күні Кеңес Одағының Батыры, академик, жазушы, қоғам қайраткері Мәлік Ғабдуллиннің туғанына 110 жыл толуына орай «Жеңіс туын желбіреткен жерлесім» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шара Көкшетау қалалық ақпараттық кітапханалар жүйесіне қарасты «Достар» мәдениет үйінде ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстелдің құрметті қонақтары — Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, мәдениет қайраткері Сайлау Көшкенұлы және Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, журналист, Көкшетау қалалық ақпараттық кітапханалар жүйесінің директоры Серік Жетпісқалиев батыр әрі ғалым жерлесіміз Мәлік Ғабдуллин туралы естеліктерімен бөлісті.
Мәлік Ғабдуллин музейінің ғылыми қызметкерлері Ж.Қажыбай мен Э.Ержанова «Мәлік Ғабдуллиннің әдеби мұрасындағы ұлттық рух» және «История создания музея Малика Габдуллина» тақырыптарында баяндамалар жасап, көпшілік назарына 1943 жылғы батырдың елге сапарынан түсірілген деректі фильмі ұсынылды. Көкшетау қаласының жалпы білім беретін орта мектеп оқушылары батырға арналған ақындардың өлеңдерін оқыды.
Кітапхана қызметкерлері Мәлік Ғабдуллиннің өз еңбектері мен ол туралы жазылған шығармалардан кітап көрмесін ұйымдастырып, келген қонақтарға таныстырды. Мектеп мұғалімдері оқушылар атынан танымдық ақпараттар үшін ұйымдастырушыларға ризашылықтарын жеткізді.
20.11.2025
Қараулар: 95