15 қараша қазақтың бір туар ұлдары Бейімбет Майлин мен Мәлік Ғабдуллиннің туған күндері. Қос алыптың туған күніне орай ұйымдастырылған іс-шаралар легі Ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсарин музейінде “Ұлт руханиятының алып бәйтерегі” атты ғылыми танымдық кешпен жалғасты. Кеш барысында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Абылай Мауданов, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, Ыбырайтанушы Пиалаш Сүйінкина Бейімбет Майлин шығармашылығы туралы сөз сөйледі. Мәлік Ғабдуллин музейінің аға ғылыми қызметкері Аягөз Махметова “Әдебиет алыптарының Мәлік өміріндегі орны” тақырыбында баяндама жасады. Аталмыш баяндамада даңқты жерлесіміздің Бейімбет Майлинмен рухани байланысы туралы айтылды. Танымдық кеш соңында Ыбырай Алтынсарин музейінің қорына музейдің ғылыми қызметкерлерінің күшімен жарыққа шыққан кітаптар сыйға тартылды.
15.11.2024
Қараулар: 243