Мәлік Ғабдуллин музейінің ұжымы Республикалық «Мәңгілік тұлғалар» фестивалін қатысушылар мен қала қонақтарының есінде ерекше есте қалатындай етіп ұйымдастырды.
Ш.Құсайынов атындағы қазақ драма театрының алаңын арнайы безендіріп, құрметті қонақтар мен музей қызметкерлері үшін қызыл кілем төсеп, әрбір музейдің тарихымен, жеткен жетістіктерімен таныстырып, салтанатты әннің сазымен, қазақтың ұлттық киімін киген қыздардың құрметімен қарсы алды.
Қызыл кілемнен салтанатты саппен өткен Абылай хан резиденциясы, Ж.Жабаев, Ы.Алтынсарин, І.Есенберлин, Ә.Жангелдин, М.Мақатаев, Ә.Молдағұлова музейлері мен Ақмола облыстық тарихи-өлкетану, қала тарихы, әдебиет және өнер музейлерінің қызметкерлері үшін тарихи сәт болып қалары сөзсіз.
05.05.2025
Қараулар: 191