Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
Мәңгілік тұлғалар

Халқымыздың батыр ұлы, ғалым-педогог Мәлік Ғабдуллин қазақстандықтар үшін аса көрнекті тұлға.Мәлік Ғабдуллин музейі Батыр тұлғасын Қазақ еліне барынша дәріптеп, насихаттап келеді.

Музей ұжымының ұйымдастыруымен өткен І Республикалық «Мәңгілік тұлғалар» атты тұлғалық музейлер фестиваліне қатысушы Ы.Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық музейі, Торғайдың Ә.Жангелдин мұражайлар кешені, Ақмола облысынан І.Есенберлиннің әдеби музейі, Солтүстік Қазақстан облысынан «Абылай хан резиденциясы», Алматы облысынан Ж.Жабаевтың әдеби-мемориалды музейі мен М.Мақатаевтың әдеби музейі, Ақтөбе қаласынан Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейлері Көкшетау қаласындағы Ш.Құсайынов атындағы облыстық қазақ драма театрының алдында «Мәңгілік тұлғалар» атты көрмелерін қойды.

Ашық аспан астындағы көрмеге әрбір тұлғалық музей өздері есімдерін иеленген тарихи тұлғаларына қатысты құнды жәдігерлерін қойып, Көкшетау қаласының тұрғындары мен қонақтарына, жоғарғы оқу орындарының студенттері мен мектеп оқушыларына таныстырды. Әрбір көрермен тарихи жәдігердің тарихымен танысып, өздеріне қажетті ақпаратты алып, көкіректеріне рухани байлық жинады.

Сондай-ақ, бұл көрме облыс әкімдігінің тарапынан да тыс қалмады.

Жиынға келген облыс әкімінің орынбасары Досұлан Ерланұлы Айтбаев Ақмола облысының басшысы Айгүл Баубекқызы Сәбитовамен бірге көрмені аралап, облыстың мәдениетіндегі айтулы да айшықты шаралардың бірегейі болған фестивальдің жастар үшін тарихи маңыздылығын атап өтті.

05.05.2025

Қараулар: 193

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау