Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
«Менің елім – менің жерім!» жас суретшілер байқауы

22 қазан күні қалалық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында Республика күніне арналған «Менің елім – менің жерім!» жас суретшілер байқауы ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты: Сурет өнері арқылы қазіргі жас ұрпақты отаншылдық рухта тәрбиелеуге атсалысу, Республика күнінің мерекеленуіне үлес қосу.

Суретшілер байқауына қала мектептерінен барлығы сегіз өтінім келіп түсті. Арнайы тағайындалған қазылар алқасы оқушылардың шығармашылық жұмыстарын бағалап, үздіктерін іріктеп алды.

Байқау қорытындысы бойынша жүлделі I орынды Мәлік Ғабдуллин атындағы №3 көпсалалы мектеп — гимназиясының оқушысы Рахметуллина Ақерке, жүлделі II орынды №1 орта мектеп гимназиясының оқушысы Ержанова Дилара, III орынды №4 орта мектеп оқушысы Август Елизавета жеңіп алды.

Сондай-ақ, «Ұшқыр қиялы үшін» номинациясымен №18 мектеп-лицейінің оқушысы Абишева Райяна, «Сюжеттік композиция» номинациясымен №6 мектеп-лицейінің оқушысы Уаап Медина, «Сурет салу техникасы» номинациясымен №12 орта мектеп оқушысы Кожахметова Камила марапатталды.

Жүлдегер атанған жас суретшілерге ұйымдастырушы тарап Мәлік Ғабдуллин музейі мен Қалалық білім бөлімінің атынан арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

   

22.10.2025

Қараулар: 32

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау