18 қараша күні №17 мектеп-гимназиясында қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігі аясында , жазушы, қоғам қайраткері, Кеңес Одағының батыры Мәлік Ғабдуллиннің 110 жылдығына арналған «Ел қорғаған ер, ұлт рухын көтерген ғалым» атты қалалық ғылыми-аймақтық конференция өтті.
Іс-шараның мақсаты – Мәлік Ғабдуллиннің өмір жолы мен шығармашылық мұрасын терең зерттеу арқылы оның ерлік рухын, ғылыми еңбектерін және қоғамдық қызметін жас ұрпаққа кеңінен насихаттау.
Қалалық қазақ үлгі кітапхана қызметкерлері «М.Ғабдуллин-қазақ руханиятының шамшырағы» атты кітап көрмесін ұйымдастырып,батырдың төл туындыларымен, балалық шығынан және еңбек жолын, майдандағы ерлік істерін таныстырып өтті. Келген қонақтар мен оқушылар ауқымды ақпараттар алды.
Мектебіміздің жоғары сынып оқушылары «Қару мен қаламды қатар ұстаған жауынгер» тақырыбында көрініс қойып, қазақтың киелі домбырасынан төгілте күй шертіп, көрермендердің рухын көтеріп, ұлттық болмысты айшықтайтын ерекше әсер сыйлады.
Қаламыздағы М.Ғабдуллин атындағы мұражай қызметкері Баймағамбет Б.Б. «Ерлік жолы ұрпаққа үлгі» атты тақырыпта жылжымалы көрме, М.Ғабдуллиннің өнегелі өмірін бейнелейтін бейнефильм ұсынып, батырдың ерлігін оқушыларға үлгі етті. Әл- Фараби атындағы ІТ мектеп-лицейі, №13 «ЭКОС» мектеп-гимназиясы, №16 ЖОББМ , №2 мектеп-лицейі, №4 ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері батырдың майдандағы ерлігі, педагогикалық және ғылыми мұрасы туралы баяндамалар жасап, зерттеу жұмыс нәтижелерін таныстырды. Сонымен қатар, баяндамашылар М. Ғабдуллиннің тұлғалық болмысы мен қазақ әдебиеті мен ғылымына қосқан үлесін жан-жақты талдады.
Мектеп директоры Р.Хасенова келген қатысушылардың баяндамаларына, жүйелі ойларына , нәтижелі идеялары мен пайдалы ұсыныстарға толы болағынын атап өтіп, алғысын білдірді, сонымен қатар қалалық білім бөлімінің сертификаттармен марапаттады.
Мұндай кездесулер оқушылар мен мұғалімдер үшін пайдалы әрі рухани мәні зор. Осындай іс-шаралар арқылы ұжымдар арасында өзара сабақтастық құрып, нәтижелі өнім беретіні сөзсіз.
18.11.2025
Қараулар: 89