Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
Батырлық салты – ұрпақ сабақтастығы

30 қаңтар – тарихи күн!

1943 жылдың 30 қаңтарында қазақтың қаһарман перзенті, даңқты жерлесіміз Мәлік Ғабдуллинге Екінші дүниежүзілік соғыстағы ерлігі үшін Кеңес Одағының батыры атағы берілді.

Бұл Алтын жұлдыздың бағасы қазақ халқы үшін өте қымбат. Соғыс басталған күннен бастап небір ерен ерліктің үлгісін көрсеткен қазақ жауынгерлерінің қаһармандығы дәл осы күні мойындалған еді. Содан да Мәлік Ғабдуллин «Бұл маған ғана емес, қазақ халқына берілген атақ» деп айтқан болар...

Айтулы күнге орай Мәлік Ғабдуллин музейі жылдағы дәстүрден жаңылмай Красный Яр №3 көпсалалы мектеп-гимназиясы жанынан құрылған Мәлік Ғабдуллин атындағы «Жас ұлан» әскери-патриоттық клубына жаңа мүшелерді қабылдау рәсіміне арналған «Батырлық салты – ұрпақ сабақтастығы» атты танымдық кеш өтті.

Белсенді ұзақ өмір орталығында өткен іс-шара Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Баубекқызы Сәбитованың құттықтау сөзімен басталды.

«Жас ұлан» әскери — патриотық клубына қабылданған жас ұландар салтанатты түрде ант беріп, оларға мүшелік билеттерді ҚР Қарулы Күштері ардагерлері Республикилық қоғамдық бірлестігі Ақмола облысы филиалы төрағасы, Абай Мырзахметов университеті әскери кафедрасы бастығының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, полковник Жанат Малгаждарұлы Ережепов, Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Баубекқызы Сәбитова, Красныя Яр №3 мектеп гимназиясы директорының орынбасары Сандуғаш Асылбекқызы Самуратова табыстады.

Оқтай тізіліп тұрған жас ұландардың ең алғашқы жауапкершілікке толы қадамдарына, болашақ жас сарбаздарға батагөйлер сайысының жеңімпазы Боқан Мусетов сәт — сапар тілеп, ақ батасын берді.

Біз кешегі мен бүгінгінің һас батырларының ізін жалғаған 200 ге жуық жас сарбаз тәрбиеленіп шыққан «Жас ұлан» әскери-патриоттық клубына зор сеніммен қараймыз.

Танымдық кеш Красный Яр №3 мектеп — гимназиясы оқушыларының шағын концерттік бағдарламасымен аяқталды.

«Мен – халық ұлымын. Халықтың киесі бар. Жалған дүниеде ең ізгі, ең асқақ, ең таза нәрсе – өз халқының қызметшісі болу» — деп өмірлік ұстанымына айналдырған батыр Мәлік музейінің 2026 жылғы іс-шаралар легінің шымылдығы осындай танымы мен тағылым мол патриоттық іс-шарамен ашылды.

 

30.01.2026

Қараулар: 234

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау