Құрметтi оқырмандар!
Музей қорында Мәлiк Ғабдуллиннiң соғыстан кейiнгi уақытта майдангер жолдастарына жазған хаттары сақталған.
Солардың бiрi 8-шi гвардиялық атқыштар дивизиясының құрамында кiшi командир, батальон комсоргы болған «Қызыл Жұлдыз», I дәрежелi «Отан соғысы» ордендерiнiң иегерi, екiрет «За отвагу» медалi мен марапатталған Садуақас Серкебаевқа жазған хаты.
Садуақас Серкебаев соғыстан кейiн туған жерiнде құрылыс саласын көтерiп, ауыл шаруашылығын дамыту жолында еңбексiңiрген қайраткер.
Оның соғыстағы шынайы ерлiгi туралы М.Ғабдуллин «Кегендiк жiгiт» деген әңгiме жазады. Оны кейiннен «Сұрапыл жылдар» кiтабында жариялайды.
Мiне, осылай әрбiр қазақ жауынгерiнiң ерлiгi М.Ғабдуллиннiң қаламынының күшiмен келер ұрпақ үшiн тарих беттерiнде мәңгiлiкке жазылып жатты.
Құрметтi Сәдуақас!
Көптенберi хат жазбаған айып менде, жұмыс көп болды.
Соңғы хатыңды алдым.
Өзiңе айтарым мынадай: өзiң туралы бiр кiшкене очерк жаздым. Жаман шықпаған сияқты. Ертең машинисткаға бергелi отырмын, бiр данасын өзiңе жiберемiн. Өзiңнен алған материалдың бiразын пайдаландым. «Очеркiм қалай шықты?» дегендi өзiңнен сұрармын. Майдандағы ерлiктерiңдi түгелдей қамту мүмкiн болмады, тек елеулi дегендерiн алдым.
Қысқасы. Очерктi жақында аласың. Оны оқы да пiкiрiңдi айт, өзгерту керек деген жерлерiн көрсетерсiң. Бiр нәрсе есiңде болсын: менiң жазғаным тарихи документ емес, очерк қой. Сондықтан деген де болды, әңгiмелеу керек болды.
Очерктiң қолжазбасын өзiңе жақында жiберем. Пiкiрiңдi кешеуiлдетпессiң.
Өзiмүй-iшiмiзбен аманбыз. Назия жеңгең де, балалар да өздерiңе сәлем жолдап отыр. Ұлыма еншi берiп, жеке үй етiп шығардым, пәтер әпердiм, үйлерi жақсы.
Кеше жер қозғалдығой, одан амансыңдар ма, бiз аманбыз.
Апаңа, Нүрекеңе, балаларыңа көптен-көп сәлем.
Зор құрметпен МӘЛIК.
6.06.1970 ж.