Конференцияға қатысуға оқытушылар, ғалымдар, адъюнктілер, магистранттар, студенттер мен курсанттар шақырылады. Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс және ағылшын. Конференция материалдарын басылымнан шығару жоспарлануда.
Конференцияның негізгі бағыттары:
1. Ұрпаққа мәңгі өнеге - Мәлік Ғабдуллин және жаңа қазақстандық патриотизм;
2.Қазақ елінің хас батырлары: оқиғалар, қолбасшылар, жауынгерлер тұлғасы;
3.Мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелері мен болашаққа көзқарас.
Материалдарды рәсімдеу талаптары:
Мәтіннің көлемі 7 беттен аспауы керек, қаріп (шрифт) - Тimes New Roman 14, жолдардың аралығы – бір, бет үлгісі А4, жиегі: үстіңгі, астыңғы – 2 см, оң жақ, сол жақтағы жиектері - 2,5 см, азатжол - 1,25 см. Бастапқы жолдың сол жағында ОӘЖ индексі жазылады. А4 формат парағының үстіңгі оң жағының шетіне автор (Т.А.Ж., ұйымы, лауазымы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, арнайы атағы) туралы мәліметтер (толық және нақты) жазылады. Мақаланың атауы бас әріппен ортада жазылады.
Ғылыми дереккөздерге жасалған сілтемелер пайдаланылған әдебиеттер тізіміне сәйкес төрт бұрышты жақшамен белгіленеді. Әдебиет негізгі мәтіннің соңында бір жол шегінісімен беріледі.
Мақалалар мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде 2019 жылғы 1 қарашасына дейін sadvakasova.sk@emer.kz электронды поштасына қабылданады. Конференция қатысушының тапсырысы 1-ші қосымшаға сәйкес толтырылуы қажет.
Басып шығарылған материалдардың нақтылығы мен дұрыстығына редакция жауап бермейді. Ұйымдастыру комитеті конференция тақырыбына немесе қойылған талаптарға сәйкес келмейтін материалдарды қабылдамау құқығына ие.
Іссапар шығындары жіберуші немесе конференцияға қатысушының есебінен жүргізіледі.
Конференцияны ұйымдастыру бойынша ақпарат пен анықтамаларды келесі телефондар арқылы алуға болады: жұмыс тел. – 8(7162) 255895, ұялы тел. – 87051145361 (Шуматов Эльдар Ғалымжанұлы), - 87015504608 (Нарбаев Қалижан Әнуарбекұлы).
Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Көкшетау қ., Ақан сері көшесі 136.
Халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференцияға қатысу тапсырысы
Қатысушы (лар) тапсырысы | |
Автор(лар)дың аты-жөні (толық) | |
Қызмет орны (қысқартусыз) | |
Ғылыми дәрежесі және атағы | |
Лауазымы (қысқартусыз) | |
Байланыс телефоны | |
Электронды пошта мекенжайы | |
Мақала тақырыбы | |
Секция номері және атауы | |
Қатысу түрі (күндізгі, сырттай) | |
Техникалық құралдардың қажеттілігі (мультимедиялық проектор және т.б.) | |
Қонақүйде алдын ала орынға тапсырыс беру қажеттілігі |