Құрметті оқырмандар!
Оқ пен өрттің, өлім мен өмірдің ортасында жүрген Мәлік Ғабдуллин туған жеріндегі көзіашық, көкірегі ояу тұлғалармен хат алысып, хабарласып, елдіңжай-күйіне алаңдап, әдебиеті мен мәдениетіне мән беріп отырғанын оның жазған хаттарынан көреаламыз.
Сондай жанның бірі 1941–1944 жылдары Қазақстан мемлекеттік біріккен баспасының бас редакторы болып қызмет істеген ғалым, филология ғылымының докторы, профессор Бейсенбай Кенжебаевқа жазған бірнеше хаттары музей қорында сақтаулы.
Қысқаша жазылған екі хатын сіздердің назарларыңызға ұсынамыз. Қысқа ғана жазылған хат болса да үлкен ой түюге болатыны байқалады. Осы хаттың бірінде М.Ғабдуллин «Қазақ баласы» деген еңбегі туралы сөз қозғайды.
Музейдің ғылыми қызметкерлері осы хаттардағы жазбаларға сүйене отырып, ғабдуллинтанушы ғалымдармен хабарласып, іс-сапарларға шығып, зерттеу жұмыстарының нәтижесінде аталған еңбек табылды.
Алматы қаласы Ұлттық мұрағатынан табылған М.Ғабдуллиннің қазақ және орыстілдерінде жазылған «Қазақ баласы» еңбегін музейдің ғылыми қызметкерлері баспа бетіне шығару үшін дайындық жұмыстарын жүргізуде.
Алдағы уақытта «Қазақ баласы» өзінің оқырманымен қауышпақ. Жіберіпал маңыздар.
Бейсеке!
Аманшылық. Біраз жайды Дихан айтар. Мендегі сөз мынау: «Қазақ баласы» дегенді бітірдім, көп нәрсе болды. Соны Сіздер жаққа жіберу керекпе, жоқ па? Соны қалай жіберу керек екенін не хатпен, не Дихан арқылы айтарсыз.
Соңғы кезде ауырып, сүлдем кетіп жүргені болмаса, айта қоярлық сәлем жоқ. Хатыңызды күттім.
Мәлік
31/V 43г.
Полевая почта 21475 К
М. Габдуллину
Бейсеке!
Жаңа жылыңыз құтты болсын! Аманшылық. Сізге бір хат жазып жауап ала алмадым. Сізден тілек: Қазақ тілінде шығып жатқан шығармалар болса библиотечка жіберіңіз. Көп әңгімені Сізден хат алған соң жазам.
Інілік сәлеммен Мәлік
28/ХІІ 42 ж.