20 тамыз күні М.Ғабдуллин музейінің жанынан құрылған ғылыми кеңестің екінші жартыжылдықтағы кезекті отырысы өтті.
Кеңес отырысының күн тәртібіне биылғы жылдың І жартыжылдығында атқарылған жұмыстар мен ІІ жартыжылдығында өтетін ауқымды іс-шараларға қысқаша шолу, заман талабына орай музей логотипін қайта қарастыру, Мәлік Ғабдуллиннің туғанына 110 жыл толуына орай өтетін конференция мен Батыр музейінің негізін қалаушы, журналист, жазушы Жанатай Бекенұлының «Тұғыры биік тұлға» кітабының тұсаукесеріне дайындық жұмыстары, «Мәлік Ғабдуллин» энциклопедиясының жұмысы туралы, Мәлік Ғабдуллиннің кеудемүсінін музейдің алдыңғы қасбетіне көшіру мәселелері қойылды.
Музей басшысы Мұхамед Мерекеұлы 1-ші мәселе бойыншажалпы ақпарат берген соң, өзінің бастамасымен минималистік стилде жасатқан жаңа нұсқадағы музей логотипінұсынып, оның мәнімен, маңызымен таныстырып, кеңес мүшелерінің талқысына салды. Жаңа нұсқадағы логотип кеңес мүшелерінің қолдауына ие болды.
3-ші мәселе алдағы уақытта Мәлік Ғабдуллиннің туғанына 110 жыл толуына орай өтетін конференция мен Жанатай Бекенұлының «Тұғыры биік тұлға» кітабының тұсаукесер рәсімін өткізу барысы талқыланып, конференция тақырыбы нақтыланып, өтетін уақыты мен орны белгіленді.
Ж.Бекенұлының кітабы бойынша жұмысты жолға қойып келе жатқан бас қор сақтаушы Майра Жолаушина атқарылған істің барысымен бөлісті.
Келесі кезекте күн тәртібіндегі өзекті мәселе ұзақ уақытқа арналған ғылыми жоба «Мәлік Ғабдуллин» энциклопедиясының жұмысын жандандыру бағытында ұсыныстар айтылып, ғылыми тұрғыдан бағыт беру мәселелері айқындалды.
Музейге келушілердің, қала қонақтары мен тұрғындардың, жалпы халықтың көптен бергі сұраныстарының бірі - Мәлік Ғабдуллин кеудемүсінін музейдің алдыңғы қасбетіне көшіру мәселесі болатын.
Осы мәселе бойынша музей басшысы Мұхаммед Қоңқаев облыстық мәдениет басқармасымен, тарихи ескерткіштерді қорғау мекемесімен және де осы мәселеге қатысты тиісті мекемелермен, облыстың зиялы қауым өкілдерімен кездесіп ұсыныс-пікірлерін тыңдағанын, бүгінгі жиынға ел тізгінін ұстаған зиялы қауым өкілдері мен ел ақсақалдарын шақырғанын, бүгінгі жиында елдің тілегін ескеріп, оңтайлы шешім қабылдау керек екенін атап өтті.
Осы жиынның күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге қала сәулетіне өз үлесін қосып жүрген архитектор Бурабай Мәрәмұлы, музей саласының тәжірибелі ардагері, облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Құдайберлі Рахымбекұлыөз ойларымен бөлісіп, ұсыныстарын айтты.
Белгілі қоғам қайраткері Ж.Ерғалиев, Ақмола облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Нұғыманов, тіл және мәдениет жанашырыҚ.Төлекеев, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ш.Әлиев ағаларымыз кеудемүсінді ауыстыру өте дұрыс шешім екенінжәне мұндай жақсы бастамаға қарсылықтары жоқ екенін, қолдайтындарын білдірді.
Өз кезегінде ғылыми кеңес мүшелері музей қызметкерлеріне жоғарыда көтерілген мәселелер мен ғылыми -зерттеу жұмыстары бойыншақолдау білдіріп, ұжыммен бірге тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейтінін жеткізді.
20.08.2025
Қараулар: 101