Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
Мәлік Ғабдуллин жүлдесі үшін XX дәстүрлi республикалық бокс турнирі

Мәлік Ғабдуллин жүлдесі үшін XX дәстүрлi республикалық бокс турнирі 5-8 мамыр күндері «Оқжетпес» облыстық мамандандырылған кешенді балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде Мәлік Ғабдуллиннің туғанына 110 жыл және Жеңістің 80 жылдығына орай ХХ дәстүрлі республикалық Мәлік Ғабдуллин жүлдесі үшін бокстан турнир өтті.

Турнирге Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстары мен Ақмола облысының Біржан сал, Целиноград, Жақсы, Бұланды аудандарынан, Көкшетау, Астана, Степногорск, Щучинск, Қоянды қалаларынан, Қызылтаң, Красный яр ауылдарынан 150-ге жуық жас боксшылар қатысты. Финалдық турнирде боксшылар 42-80 кг салмақ дәрежесінде күш сынасты.

Мәлік Ғабдуллин музейінің басшысы Кенжебай Жәнібекұлы Мукушев жеңімпаздарды құттықтап, марапаттар тапсырды.

 

08.05.2025

Қараулар: 428

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау