Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
Соғыс.Жеңіс.Естелік - Марченко Илья Тимофеевич

Марченко Илья Тимофеевич Володаровский ауданына қарасты ауылдың бiрiнде 1925 жылы 2 тамызда шаруа отбасында дүниеге келген. 1943 жылы Володаровка орта мектебiнде 10 сынып оқып жүрген кезiнде, Қызыл Армиясына шақырылып, сол жылдың тамыз айында Ташкенттегi пулемет училищесiне оқуға аттанып, 1943 жылы сол жақтан майданға жiберiледi.

Украина майданының 37 жеке армиясының, 282-шi гвардиялық полктың құрамында соғысқан. Алғашқы шайқасы Днепр өзенiнiң қалыптасуында өттiп, шайқаста ол жараланып, Украина майданының жеке армиясының №3424 госпиталiне жiберiлдi. Сауығып болғаннан кейiн өзiнiң бөлiмшесiне қайтып оралып, Бурга қаласына дейiн шабуылдап Болгарияға жеттi. 1950 жылы әскерден босап, әскери қызметтен кейiн облыстық комсомолдық комитетiнiң iшкi iстер органдарына жұмысқа жiберiледi. Аталған орында 1950-1983 жылдары жұмыс iстеген, сол жерден зейнетке шыққан. Жалпы жұмыс өтiлi 33 жыл. Медалдармен марапатталған.

22.07.2020

Қараулар: 767

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау