Музейдің экскурсия жетекшілері тоқсан сайын музейге келушілердің арасында «Ойлан-тап!» викторинасын өткiзедi.
Викторинаның мақсаты: Мәлік Ғабдуллиннiң өмiрi мен шығармашылығын насихаттай отырып, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру және келген қонақтардың музейге деген қызығушылығын арттыру болып табылады.
Бүгін Көкшетау жоғары техникалық колледжінің студенттеріне экскурсия жүргізіліп, тоқсандық викторина өтті. Викторина сұрақтарына дұрыс жауап берген студенттерге естелік буклеттер табысталды.
19.03.2024
Қараулар: 702