Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
«Ойлан-тап!» викториналық сайыс

Музей экскурсоводтары тоқсан сайын музейге келген қонақтардың арасында «Ойлан-тап!» атты викторина өткiзедi.

Викторинаның мақсаты: М. Ғабдуллиннiң өмiрi мен шығармашылығын насихаттай отырып, қазақстандық жастарға патриоттық тәрбие беру және келген қонақтардың музейге деген қызығушылығын арттыру.

Келушiлер экскурссия тыңдап болғаннан кейiн викторина сұрақтарына 10-15 минут iшiнде жауап беруге тиiс.

17 қараша күні А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің студенттеріне музейіміздің экспозициялық залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, тоқсандық викторина өтті. Қонақтар сұрақтардың бәріне дұрыс жауап берген соң, естелік буклеттер таратылды.

17.11.2022

Қараулар: 714

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау