Жаздың бірінші күні бүкіл әлемде Халықаралық балаларды қорғау күні болып аталып өтіледі. Осы мерекеге орай, Мәлік Ғабдуллин музейінде «Балғын балалар!» қөңілді старт жарысы өтті.
Көңілді старт жарысына қала мектептерінің 3-4 сынып оқушылары қатысты. Мектеп оқушылары музейдің экспозициялық залдарын аралап, батырдың өмір жолымен және шығармашылығымен танысып шықты. Одан әрі балалар музей ауласында екі топқа бөлініп, көңілді сайыста күш сынады.
03.06.2025
Қараулар: 692