Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
«ЕЛІМ ДЕП СОҚҚАН ЖҮРЕГІМ...» кездесу кеші

30 қазан күні Елімізге танымал белгілі қоғам қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, жазушы-драматург, журналист, публицист, Сенаторлар кеңесінің мүшесі, музей жанашыры Ерғалиев Жабал Ерғалиұлы мерейлі 70 жасқа толады.

Осыған орай, Ақмола облысында барлығы 100-ден аса іс-шара өткізу жоспарланған.

Студенттер мен зиялы қауым өкілдері қатысқан кездесу кеш 11 қазан күні М.Ғабдуллин музейі мен «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің бірлесе ұйымдастыруымен өткен «Елім деп соққан жүрегім...» атты кездесу кеш осы мерейтойлық іс-шаралар легінің беташары іспеттес болды.

Келген қонақтардың назарына ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі С.С.Жетпісқалиев басқарып отырған қалалық ақпараттық кітапханалар жүйесі кеш иесінің еңбектеріне арналған кітап көрмесін ұсынды.

Іс-шараның шымылдығы Жабал Ерғалиевтің шығармашылығы бойынша Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі студенттерінің прологымен ашылды.

Сұхбат кешті жүргізген ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ерболат Баятұлы Жабал ағамызбен шығармашылығы, қазіргі журналистика саласының жай-күйі төңірегінде сұхбаттасты.

Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы А.Б. Сәбитова мен «Қоғамдық келісім» сарайының басшысы Е.Б.Нұғыманов құттықтау сөз сөйлеп, кеш иесіне сия-сипаттарын табыстаса, Жабал ағамыздың қаламдас достары мен әдеби ортада жүрген аға-інілері де жылы лебіздерін білдірді.

Сонымен қатар «Көкше-Энерго» ЖШС директоры Д.Ә. Аралбаев та кеш иесін мерейлі жасымен құттықтап, ат мінгізді.

Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының әншісі Сәрсенбай Хасеновтың орындауындағы «Нені аңсаймын» әні сол кештің көркін қыздырды.

Әсерлі кештің әдемі нүктесі «Аманат» тобының орындауында «Атамекен» әнімен қойылды.

Іс-шараның өтуіне атсалысқан, көмек қолын созған «Қоғамдық келісім» сарайының директоры Е.Б.Нұғымановқа, «Қазақ тілі мен мәдениеті» ҚБ төрағасы М.М. Қойшынға, демеушілік көрсеткен «Көкше-Энерго», «БЛЭК», «Гормолзовод» «Дастархан» ЖШС-не өз ризашылығымызды білдіреміз!

11.10.2022

Қараулар: 489

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау