Қазақстан Республикасының премьер-министрі Әлихан Смайыловтың Қазақстанда мерекелік күндер күнтізбесін бекіту туралы қаулысына сәйкес маусым айының үшінші жексенбісі әкелер күні ретінде аталып өтіледі.
15 маусым күні Мәлік Ғабдуллин музейінде әкелер күніне орай белгілі өлкетанушы, қоғам қайраткері Мұрат қажы Ыдырысовпен «Әкелік жолы – ізгілік жол» атты кездесу кеші өтті.
Мақсаты: Дәстүрлі отбасылық құндылықтарды насихаттау, қазіргі замандағы бала тәрбиесіндегі әкелердің рөлін ілгерілету болып табылады.
Тағылымды кеште Мұрат қажы ұрпақ тәрбиесіндегі әкенің рөлі туралы ой-пікірлерін айтып, өзіндік тәжірибесімен бөлісті.
Кеш соңында іс-шараға қатысушылар өз ойларын ортаға салып, естелік фотосуретке түсті.
16.06.2023
Қараулар: 650