Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
Ұлтымызды ойрандаған ұлы нәубет

31 мамыр – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Жалпы ұлттық саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні деп жарияланды.

Бұл күн мың өліп, мың тірілген қазақ халқын жыл сайын толқытып, егілтетін, ойлантып-толғантатын азалы күн. 1937-1938 жылдар аралығында еліміздің басына орнаған зұлматтан 103 мыңнан астам адам нақақтан қуғын-сүргінге ұшырап, 25 мыңнан астамы ату жазасына кесілді. Қаншама қазақ зиялылары: ғалымдар, мәдениет және саясат саласының қайраткерлері солақай саясаттың құрбаны болды.

Осыған орай, бүгін жылдағы дәстүр бойынша Мәлік Ғабдуллин музейінің ұйымдастыруымен «Ұлтымызды ойрандаған ұлы нәубет» атты еске алу кеші өтіп, ағартушы ғалым Науан Хазреттің, Батыр, академик Мәлік Ғабдуллиннің анасы Әлия Оспанқызының, халқымыздың біртуар азаматы, ақын Сәкен Сейфулиннің перзенті Аянның рухына құран бағышталып, зиярат етілді.

Ең әуелі облыстық Науан Хазрет мешітінің наиб имамы Ұлан Шарипов аруақтардың рухына құран бағыштады.

Шара осы зиратта жерленген әруақтарға тағзым ету рәсімі ретінде гүл шоқтарын қою рәсімімен аяқталды.

31.05.2023

Қараулар: 338

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау