17 наурыз Мәлік Ғабдуллин музейі мен Балуан Шолақ атындағы ұлттық спорт түрлерінен облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен «Қайрат» қазақ күрес залында екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығы мен даңқты жерлесіміз Мәлік Ғабдуллиннің 110 жылдығына арналған қазақ күресінен қалалық ашық турнир өтті.
Мақсаты: Мәлік Ғабдуллин тұлғасы арқылы өскелең ұрпақты спорт түрлеріне баулу, мектептерде ұлттық спорт түрі қазақ күресін дамытуға атсалысу, өскелең ұрпақты достыққа, патриоттыққа, елін мен жерін сүюге тәрбиелеу болып табылады.
Зеренді, Сандықтау аудандары мен Көкшетау қаласынан келген жас балуандар 12 салмақ бойынша бақ сынады. Жарысқа барлығы 101 бала қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша 22 келі және 29 келі салмақта топ жарған білекті балуандар дипломдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.
17.03.2025
Қараулар: 864