Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
Шетелдік мамандандырылған жоғары оқу орындарына түскен курсанттар ант қабылдады

Мәлік Ғабдуллин музейі алаңында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының 1-ші курс курсанттарының салтанатты ант қабылдау рәсімі өтті.

Салтанатты рәсімде академияның Жауынгерлік Туы ортаға шығарылып, Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалды.

Жиынға қатысушылар Кеңес Одағының батыры Мәлік Ғабдуллин ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, батыр рухына тағзым етті.

Академияның Ресей ТЖМ мен Беларусь Республикасының мамандандырылған жоғары оқу орындарына оқуға жіберілетін 10 курсанты салтанатты сапта тұрып, Отанға қалтқысыз қызмет ету үшін адал болуға ант берді.

Салтанатты ант қабылдаған жас курсанттарға академия басшысы азаматтық қорғау полковнигі Ж. Хасенов, Алматы облысы ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы подполковник Д. Оразбеков, М. Ғабдуллин музейінің директоры М. Қоңқаев, академия ардагерлер ұйымының төрағасы К. Райымбеков алғашқы маңызды оқиғамен курсанттарды құттықтап, алдағы оқу жылында табыс, қиындықтарды еңсеруде табандылық тіледі.

Ата-аналар атынан сөз алған Өмірғали Іргебаев шет елге оқуға баратын курсанттардың Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын бұлжытпай сақтауға, жүктелген міндеттерді адал және кәсіби орындауға, құтқарушы атағына лайық болу керектігін естеріне салып, жылы лебізін білдірді. 

21.08.2025

Қараулар: 57

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау