Бұған дейін (1998 жылдың 20 қаңтарынан бастап) 22 қыркүйекте атап өтілетін мереке, 2017 жылғы үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевтың «Қазақстан Республикасында мереке күндер тізбесін бекіту туралы» қаулысымен 5 қыркүйекке ауыстырылған.
Атаулы датаның өзгеру себебі – «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деген ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен байланысты. 5 қыркүйек пен 15 қыркүйек арасында өтетін тілдер он күндігі аясында М.Ғабдуллин музейінің көрме залында ғылыми зерттеу бөлімінің аға ғылыми қызметкері М.Жолаушина Азаматтық қорғаныс колледжінің курсанттарына «Тіл – халық қазынасы» атты дәріс өткізді.
12.09.2023
Қараулар: 580