Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
«Музейдің мәдени-білім беру жұмысы: дәстүр мен жаңашылдық» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция

20 қыркүйек Ақмола облысы мәдениет басқармасы Мәлік Ғабдуллин музейінің ұйымдастыруымен «Музейдің мәдени-білім беру жұмысы: дәстүр мен жаңашылдық» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияны музейтанушы, «kazmuseum.kz» сайтының жетекшісі Нұрсерік Жолбарыс жүргізді. Конференция жұмысы музейдің мәдени-білім беру жұмысының миссиясы және музейдің мәдени-білім беру жұмысындағы жаңа технологиялар бағытта жұмыс жасады.

Мақсаты: қазіргі музей ісінің жетістіктерін, тәжірибелері мен нәтижелерін насихаттау, музей ісі мен музейлер қызметін заманауи бағытта дамыту, музейлердің мәдени-білім беру және ғылыми-зерттеу қызметін жетілдіру, еліміздің тарихи-мәдени мұрасын сақтаудағы музей рөлін дәріптеу және музейлер имиджін көтеру.

Конференцияда «Медицина университетінің студенттеріне тарихи-мәдени тәрбие берудегі музейдің рөлі» тақырыбында С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетіне қарасты тарихи музей басшысы Амантаев Бақанай,      «О создании уникального музея ученого евразийца в столице казахстана» тақырыбында          Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті «Білім тарихы» музейінің меңгерушісі Сымбат Ахметова, «Білім мен мәдениет – ұлт тәрбиесінің қайнар көзі» тақырыбында Қарағанды облысы Теміртау қаласы Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығының ғылыми қызметкері ЛаззатДиханбаева, «Музей қызметіндегі коммуникация» тақырыбында «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей қорығының ғылыми қызметкері СакенШаметов, «Сері өмірінен сыр шерткен жәдігер...» тақырыбында Сәкен Жүнісов атындағы №18 мектеп-лицейінің оқытушысы Арайлым Мукушева, «Мәлік Ғабдуллин музейінің көпшілік іс-шаралар өткізудегі тәжірибесі» тақырыбында музейдің аға ғылыми қызметкері Аягөз Махметова баяндама оқыды.

Іс-шара нәтижесінде музей мамандары өзара тәжірибе алмасып, республикалық конференцияның жинағы жарыққа шықты.

20.09.2024

Қараулар: 623

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау