19 мамыр Көкшетау қаласында іс-сапарда жүрген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы, азаматтық қорғау генерал-майоры Нұрболат Бекболатұлы Дербісов пен Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы полковник Нұрлан Бауыржанұлы Атығаев сал-серілердің, батыр-бағландардың қасиетті мекеніне айналған Көкшетаудың төрінде орналасқан Мәлік Ғабдуллин музейіне ат басын тіреді.
Келген қонақтарды музейдің жас маманы, экскурсовод Біржан Бауыржанұлы Батырдың өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін музейдің экспозициялық залдарымен таныстырып шықты.
Генерал-майор Нұрболат Дербісовке музейдің аға ғылыми қызметкері М. Жолаушина М. Ғабдуллиннің «Қазақ баласы» кітабын сыйға берді.
Экскурсия соңында Нұрболат Бекболатұлы музей қызметкерлеріне алғысын білдіріп, естелік фото-суретке түсті.
19.05.2023
Қараулар: 941