Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
«Отқа оранған жастық шақ» - Әміржан Қайрат Мұқатайұлы

Әмiржан Қайрат Мұқатайұлы 07.04.1959 Зерендi ауданы Қарабұлақ ауылында дүниеге келген. 1966 жылы Қарабұлақ орта мектебiне қабылданып, 9-10 сыныптарды Көкшетау қаласындағы №3 М.Ғабдуллин атындағы орта мектепте бiтiредi.

1976-1978 жылдары комсомол жастар бригадасында жұмыс iстейдi. 1978 жылы қараша айында әскер қатарына алынады. 03.12.1978 жылы 07797 әскери бөлiмiнде ант қабылдап, Отар әскери бөлiмiнде алты ай дайындықтан өтiп, үшiншi класты танк атқышы деген әскери мамандық алады.

1979 жылы мамырдан шiлдеге дейiн Өскеменде танк дивизиясының бiрiншi батальонында, содан соң Түркменияның Кушка қаласында әскери қызметте болады.

Ауған жерiнде 29.12.1979 жылдан 14.11.1980 жылға дейiн дала почтасы 51883 нөмiрлi әскери бөлiмiнде танк командирi болып әскери қызмет атқарады. Ауған жерiндегi соғыс қимылдарына Шындант қаласының аэропортында араласады.

«Ветеран боевых действий», «За отвагу и мужество», «Қазақстан ардагерлерi» қауымдастығы кеңесiнiң шешiмiмен «Ардагер», «Воину-инернационалисту от благодарного Афганского народа», «10 лет. Саур» медальдарымен, КСРО Жоғарғы Кеңесiнiң Грамотасымен түрлi алғыс хаттармен марапатталған.

21.12.2020

Қараулар: 1157

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау