Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
Өмірі ұрпаққа өнеге болған Көкен ақын
Асыл тастың су түбінде, асыл заттың қап түбінде
қалмайтыны секілді жұрт жадында жатталып, сары майдай
сақталып, кітаптарда қатталып, ел есінде еш ұмытылмай
жүретін есімдер болады.
Солардың бірегейі ұлттық жыр өнерінің көнеден келе
жатқан жауһар саласы суырып салма
айтыс өнерінің
бастауында тұрған Қазақстанның халық ақыны, республикалық
ақын-жыршылар одағының тұңғыш Президенті, соғыс ардагері
Көкен Шәкеев болды.
13 жасынан бастап, яғни өткен ғасырдың 50-60 жылдары
ақындық өнерімен бой көрсетіп, «Айтыста арыстандай
арпалысып, мен едім Көкшетаудың туын тіккен» деп жырлаған
Көкен Шәкеев өзінің сол тұстағы қанаттас серіктері асқақ
әнші, айтыскер ақын Мұса Асайыновпен, көрнекті ақын Еркеш
Ибраһиммен тізе қоса жүріп, Көкшетау өңірінде суырып салма
айтыс өнерін өркендетуге, оның өрісін кеңейтуге баға жетпес
үлес қосқан тұлға.
Бала Көкеннің алғашқы ұстазы бекзат өнер иесі, белгілі құсбегі,
саятшы әкесі Шәкей болса, одан кейін Арқаның арғы-бергі төкпе
ақын-жыршыларының мол мұраларынан тағлым алған ақын Көкеннің
өнердегі ұстазы, айтыскер - ақын, жыршы Шәкен Отызбаев
өнегесінің орны өзгеше болғаны анық.
Ұстазы жайлы шәкірті Көкен Шәкеев «Шағалалы
ауылының беделді ақсақалы Байдалы қажы қажылыққа барған
жерінде тоқсан үш жасында қайтыс болған екен. Нұғыман,
Бөжікей, Толтыр қажылар елге келіп, қажы өлімін естірткен
соң, жоқтау өлеңді сол кезде он беске толмаған Шәкен шығарып
берген еді. Көңіл айта, бата қыла Шұбардан Мәди қожа,
Мұқыжан қожа, Біләл қожалар барған екен. Сол батада
жоқтау шығарған Шәкенді шақыртып алып, сол жерде жас
балаға домбырамен өлең айтқызады. Отырған жұрттың ішінен
бір беделді адам: «Шариғат заңы бойынша домбыра тартып,
өлең айтқан дұрыс емес», - деп наразылық білдіреді. Бірақ үш
қожа: «Мұндай сөз шариғатта айтылмаған, бекер сөз», - деп
жауап беріп, Шәкенге өлең айтып, домбыра тартуына рұқсат
беріп, баталарын берген екен. Осы күннен бастап, Шәкен
домбырасын қолынан тастамаған» деп естелік қалдырған екен.
Осы жерде Көкен ақынның ұстазы Шәкен Отызбаевтың
Кеңес одағының батыры Мәлік Ғабдуллинмен байланысы
жайында көпшілік біле бермейтін ақпаратпен бөлісудің реті бар
шығар...
Екінші дүниежүзілік соғысқа Кеңес Одағы құрамындағы
елдер толықтай тартылып, Ұлы Отан соғысы басталады.
Барша кеңес халқымен бірге қазақтар да майданға аттанып,
фашистермен жан аямай соғысады. Осы соғыста асқан ерлік
көрсеткен көкшетаулық Мәлік Ғабдуллин Кеңес Одағының
батыры атанады. Мәртебелі жоғары атаққа ие болған Мәлік
Ғабдоллаұлы 1943 жылы тамыз айында елге қысқа мерзімдік
демалысқа келеді. Қызылжардан Алматыға дейінгі сапар
арасында туған өлкесі Көкшетауға келіп, отбасымен, туыс-
туған, жерлестерімен қауышады. Бұл кездесу күндерінің біраз
тұстары деректі фильм ретінде мұрағатталған. Желтау
баурайындағы Қойсалғанда, Ғабдолла ақсақалдың үйінде, Мәлік
батырды ортаға алған бір топ адам дастарқан басында қымыз
ішіп отырғанда, қолындағы қалақша домбырасын шеберлікпен
бебеулетіп, Біржанның «Жанботасын» беріле шырқайтын
фрагмент бар.
Кешегі сұрапыл соғыс жылдарында,
Керемет той өтіпті Желтауымда.
Сол тойда ақын Шәкен Отызбаев,
Мәлікті мақтап берген бар қауымға, - деп көкшелік ақын Тайлақ
Жалмұрзенов жырлағанындай, жасы шамамен алпысты
алқымдаған осы әнші Шәкен Отызбайұлы болуы мүмкін деп
жорамалдаймыз.
Өйткені, Мәлік Ғабдуллин елге келген сапарда Шәкен
Отызбайұлы батырды алқалаған топтың бел ортасында болып,
сегіз күн ән айтып, жыр төккен екен.
Алыстан келген арыстан, алдыңнан шықтым асығып.
Жүйріктей боп шабысқан, тау суындай тасынып.
Сарыарқа бір сілкінді, бұлақтың көзі ашылып.
Миллион жүрек бұлқынды, күннен гауһар шашылып.
Тау бұлбұлы сайрады, бірінен-бірі асырып.
«Мәлік батыр келді», - деп, сүйіншілеп шақырып.
Жаудың құтын қашырып.
Құрдас едім әкеңмен, сүйейін, қалқам, Мәлігім
Еркелеші батырым, мойныма асылып, -
деп жырмен шашу шашып, бауырына басқан екен деп жазады
«Әдебиет
порталы»
интернет-жобасының
шығарушы
редакторы Асылбек Байтанұлы.
Көкен Шәкеевтің шығармашылығында ақындық суырып
салу өнерінің толық ашылған тұсы 60-70-ші жылдар. Отыздан
астам айтыстарға қатысады. Халық жадында оның Сарбас
Ақтаевпен, Әбікен Сарыбаевпен, Бүркіт Бекмағамбетовпен
және басқа да сөз сайыстары сақталып қалды. Олардың
көпшілігінде жүлделі орындарға ие болды.
Әсіресе, 1971 жылы Алматыда өткен аламан айтыста
Талдықорғандық ақын Әбікен Сарыбаевпен өткен айтысы
айрықша аталды. Сол жолғы тепе-тең болған айтыста Көкен
ақын тілінің құнарлығымен, ойының тереңдігімен озып шықты.
Суырып салма халық ақыны және жыршы Көкеннің
шығармашылығы халық ауыз әдебиеті мен поэзия өнерінің көне
дәстүрлерімен тығыз байланыста өрбіді. Эпикалық дәстүрді
сақтап және насихаттауда ақын еңбегі зор болды.
Ол Қазақстанның солтүстік аймағындағы жыршылық
дәстүрді жалғастырушылардың бірден бір өкілі. Жамбылдың,
Нұрпейістің, Доскейдің, Исаның, Нартайдың және басқа да
эпикалық жыр-айтыс шеберлерінің дәстүрлерін жалғастырып
әрі дамыта отырып, Көкен Шәкеев ел ішінде көп таныла
қоймаған дастандар мен хиссаларды қайта жаңғыртып,
ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуде ауыз толтырып айтарлықтай көп
еңбек сіңірді.
Атап өтер болсақ,
«Сүйінбай мен Тезек төренің»
айтысын, «Қабанбай батыр» жайлы қисса мен «Бөгенбай
батыр» туралы дастандарды орындаушы.
Ұзақ ізденудің нәтижесінде халық шығармашылығының
көне ескерткіші – «Дарихан мен Ғазіреті Ғали күресі» және
«Сандыбай батыр» эпосының үзінділерін қайта тірілтіп, өмірге
әкелген жыршы.
«Қабанбай батыр» жайлы қиссада батыр өмірінің соңғы
жылдарын баян етеді, оның кемеңгерлігі мен құдіреттілігін,
қырғыздармен күрестегі (ХҮ ғасырдың орта шеніндегі оқиға)
батырлығын жырлайды, «Бөгенбай батыр туралы» дастанда
қалмақ ханы Қаранайдың қазақ жеріне шапқыншылығы
әңгімеленеді.
Жоғарыда аталған тарихи эпос жанрына жататын
жырларды Көкен ақын өзі шығарған әуенде орындап, осынау
сирек өнерге деген ел сүйіспеншілігін арттырған ерекше жан.
Осы жылдар ішінде 60-тан астам очерк, қаншама
мақалалар мен әңгімелер, өлеңдер жазды.
1987 жылы Көкен Шәкеевке «Қазақстанның халық ақыны»
деген құрметті атақ берілді. Ол Көкше топырағында мұндай
құрметті атаққа ие болған тұңғыш ақын. Айтыскер ақын Көкен
туралы деректі фильм түсірілген және оның орындауында
күйтабаққа
жазылған
«Қабанбай
батыр»
дастаны
теледидардың алтын қорында сақтаулы.
Көкен Шәкеевтің айтыстары Алматыда шыққан «Жамбыл
и современная народная поэзия» жинағында жарық көрді.
Көкен ақын өнерін тек қазақ елі ғана емес көршілес елдер де
сүйсініп, тамашалаған.
1972
жылы
кеңестер
одағының
салтанат
құрып
тұрған
уақытында
Москваның
орталық
телеарнасындағы
«Сельский час» мерекелік бағдарламасының
құрметті
қонағы
болып
шақырылады.
Мәскеуге тікұшақпен (самолет) барып-келу
үшін экономист-ревизор Көкен Шәкеевке Көкшетау аудандық
ауылшаруашылық басқармасы 31 қазан 1972 жылы № 254-ші
нөмірлі бұйрық шығарады.
Халқымыздың өшіп бара жатқан айтыс өнерін қайта
жандандырып, оған қоса, талай қисса-дастандарды нақышына
келтіре жырлаған Көкен Шәкеев жас ақындарды шеберлікке
баулып, жетілдіруді өзіне парыз санап, 1988 жылы Көкшетауда
ақындар мектебін ашады.
1994-ші жылы Көкшетау қаласында өсіп келе жатқан жас
ұрпаққа рухани байлық – домбыра, қобыз, ән-жыр, терме
арқылы тәлім-тәрбие беру мақсатында еліміздің рухын көтеріп,
елдігін көрсетіп, елдің санасын оятуға, тарихы мен шежіресін
жинауға қисапсыз еңбек еткен Қазақстан республикасының
халық ақыны Көкен Шәкеев атындағы балалар Өнер мектебі
ашылған екен.
Мемлекеттік стандартқа сәйкес облыстық
білім басқармасының лицензиясын иеленген Өнер
мектебінің қабырғасында 85 оқушы домбыра,
қобыз, саз сырнай аспаптарында жоғарғы және

31.12.2024

Қараулар: 162

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау