«Танымның үш жолы бар: ең оңайы еліктеу, ең ащысы — тәжірибе, ең мәртебелісі — ойлау» депті атақты Конфуций. Біз сол ең ащысын мен ең мәртебелісін таңдадық))
2026 жылдың 19-21 мамыр аралығында Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі қабырғасында музей ісі саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтқан ауқымды мәдени-ғылыми іс-шаралар өтті. Атап айтқанда, Қазақстан музейлерінің конгресі, «Қазақстан–Франция: 2026» форумы, мазмұнды дөңгелек үстелдер мен шеберлік сағаттары ұйымдастырылып, музей ісінің өзекті мәселелері кеңінен талқыланды.
Халықаралық деңгейдегі басқосуға Франция, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан мемлекеттерінен келген музеологтар, тарихшылар мен ғалымдар қатысып, мәдени мұраны сақтау, музей менеджментін жетілдіру, ғылыми зерттеу мен цифрландыру бағытындағы тәжірибелерімен бөлісті. Форумды Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ашып берді.
Мазмұнды жиынға академик, жазушы Мәлік Ғабдуллин музейінің қызметкерлері де белсене қатысып, кәсіби тәжірибе алмасу алаңында музей ісінің дамуына қатысты тың ақпарат алды және сертификаттармен марапатталды. Бұл тағылымды кездесу халықаралық мәдени байланысты тереңдетіп қана қоймай, отандық музей саласының жаңа бағытта дамуына серпін берген маңызды алаңға айналды.
19.05.2026
Қараулар: 54