Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
Мәлік Ғабдуллин – ерлік пен ғылымның символы

11 қыркүйек күні Мәлік Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытатын кәсіби мектеп-гимназиясында Мәлік Ғабдуллиннің мол мұрасын насихаттау мақсатында «Мәлік Ғабдуллин – ерлік пен ғылымның символы» атты оқырмандар конференциясы өтті. Конференция Мәлік Ғабдуллиннің 110 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды.

Конференция жұмысына қатысушы 10-11 сынып оқушылары Мәлік батырдың сан қырлы тұлғасына қатысты баяндамалар жасады.

Музейдің ғылыми қызметкерлері «Мәлік Ғабдуллин және Алаш қайраткерлерінің тіл туралы тұжырымдары» тақырыбында баяндама жасап, Мәлік Ғабдуллиннің өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін «Ғажайып өмір баспалдақтары» атты жылжымалы көрмемен таныстырды.

Іс-шара 10-сынып оқушыларының Мәлік батырға арналған жыр-шумақтарымен қорытындыланды.

Бұл мектеп — Мәлік батыр білім алған қарашаңырақ. Аталмыш мектеппен ынтымақтастық меморандумы аясында тығыз байланыста жұмыс істеп келеміз. Бүгінгі өткен оқырмандар конференциясы да сол меморандумның нәтижесі.

Даңқты жерлесіміздің ерлігі — жүректе, еңбегі — ғылымда, есімі тарихта қалатын педагогика саласының білігірі саналатын Мәлік Ғабдуллин тұлғасын дәріптеу мақсатында тағылымды іс-шара ұйымдастырған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Ботагөз Ахметжанова мен Шаттық Қарасартоваға алғыс білдіреміз.

11.09.2025

Қараулар: 65

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау