Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
«Жас қазақ» дәріс

Биылғы жыл Мәлік Ғабдуллин музейінің ұжымы үшін мерейлі де мерекелі жыл болып отыр. Кеңес Одағының батыры, академик, жазушы, қоғам қайраткері Мәлік Ғабдуллиннің туғанына 110 жыл, соғыс жауынгері, композитор Рамазан Елебаевтың туғанына 115 жыл, соғыстың Жеңіспен аяқталғанына 80 жыл және Мәлік Ғабдуллин музейінің құрылғанына 30 жыл!

25 сәуір күні Мәлік Ғабдуллиннің туған жері Ақмола облысы Зеренді ауданы Зеренді ауылындағы «Парус» емдеу-сауықтыру кешенінің базасында ұйымдастырылған облыстық «Жас Ұлан» әскери - спорттық байқау қатысушыларына Батыр музейінің қызметкерлері өскелең ұрпақтың әскери - патриоттық рухын көтеру мақсатында «Жас қазақ» әні жайлы бір үзік сыр» тақырыбында дәріс оқыды.

Оқушылардың назарына дәріспен қатар, Мәлік Ғабдуллин өмірі жайлы және музей залдары бойынша ақпарат беретін «Ғажайып өмір баспалдақтары» атты жылжымалы көрме таныстырылып, музей ұжымының атқарып жатқан іс-шараларына шолу жасалып, Мәлік Ғабдуллин музейі түсірген «Көштің көркі» атты бейне фильм ұсынылды.

Дәрісті аса зор ынтамен қабылдаған «Намыс» спартакиадасына қатысушылар дәстүрлі әнші, актер, композитор Құмарбек Қалқатайдың орындауындағы «Жас қазақ» әнін тыңдап, жүректеріне рухани байлық жинағанын айтып, алғыстарын жеткізді.

Барлығы 200 облыстық «Жас Ұлан» әскери - спорттық байқау қатысушылары дәріс тыңдады.

 

25.04.2025

Қараулар: 106

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау