Биыл Кеңес Одағының батыры, академик, жазушы, қоғам қайраткері Мәлік Ғабдуллиннің туғанына 110 жыл, екінші дүниежүзілік соғыстың Жеңіспен аяқталғанына 80 жыл және Мәлік Ғабдуллин музейінің құрылғанына 30 жыл.
2025 жылдың 24 сәуір күні Красный Яр ауылы №3 көпсалалы мектеп-гимназиясының6-7 сынып оқушыларынаадамгершілік қасиеттерімен халықтың жүрегінен орын алған кемеңгер тұлға Мәлік Ғабдуллин жайлы «Жаны ізгі адам» тақырыбында дәріс оқылды.
Мәлік Ғабдуллиннің өмірінен мысал келтіре отырып, адалдық пен әділдіктің құндылық ретіндегі мәнін ұғындыру, шынайылыққа тәрбиелеу мақсатында оқылған дәрістен оқушылар академик - ғалымның өміріндегі оқиғадан үлгі ала отырып, өз өмірлерінде әр кезде, әр істе адалдық танытып, әділдікті көрсету керек екенін түсініп, ойларына тоқыды.
Оқушылардың назарына дәріспен қатар, Батырдың өмірі жайлы және музей залдары бойынша қысқаша ақпарат беретін «Ғажайып өмір баспалдақтары» атты жылжымалы көрме таныстырылып, музей ұжымының атқарып жатқан іс-шараларына шолу жасалып, Мәлік Ғабдуллин музейі түсірген «Көштің көркі» атты бейне фильм ұсынылды.
Барлығы 125 бала дәріс тыңдады, жылжымалы көрмемен танысты.
24.04.2025
Қараулар: 109