Алкоголь мен есірткі қолдану – қоғамдағы ең күрделі мәселелердің бірі.
26 маусым күні «Облыстық психикалық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ МКҚК психологы Молодовская Наталья Анатольевна музей қызметкерлеріне «Психоактивті заттарды қолданудың зияны мен салдары: миф және шындық» тақырыбында профилактикалық іс-шара өткізді.
Іс-шараның мақсаты – психоактивті заттардың адам өміріне тигізетін зиянды әсері, нашақорлықтың алдын-алу, сондай-ақ оларды қолданудың жағымсыз салдары, мифтер мен шындық туралы ақпараттандыру.
Іс-шара барысында ішімдік пен есірткі қолдану мәселелері қозғалып, тұтынуға итермелейтін себептер мен қолданудың зияны мен салдары талқыланды.
26.06.2023
Қараулар: 564