Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
«Ата заң алтын діңгегім» дәріс

Ата-Заң – ата-бабалар армандаған азаттығыңды айқындайтын, тәуелсіз ел екендігіңді танытатын, дербес мемлекеттігіңді көрсететін қастерлі құжат. Ата-Заң – бабалар аманаты. Кешегі «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», әз Тәукенің «Жеті жарғысының» жалғасы, заңды мұрагері – Қазақ елінің бүгінгі Конституциясы. Ата-Заң – ұлтаралық татулықтың алтын діңгегі болып табылады.

Осыған орай, Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай 29 тамыз күні Мәлік Ғабдуллин музейінің экскурсоводы Біржан Бауыржанұлы Ақмола облысы ТЖД 10 өрт сөндіру бөлімінде «Ата заң-алтын діңгегім» атты тақырыпта дәріс сабақ өткізді.

Кез-келген Қазақстанның азаматы Ата-заң туралы толыққанды мағлұмат біліп, оның заңдарына бағыну керек. Бұл әр адамның азаматтық жауапкершілігін сезінуі үшін, өз елінің алдындағы азаматтық борышын орындауы үшін қажет.

29.08.2023

Қараулар: 547

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау