Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына орай «Батыр Баян» жырын жатқа айтушылар байқауы

5 мамыр күні Мәлік Ғабдуллин музейінің ұйымдастыруымен Орталық қалалық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында алаштың аяулы ақыны Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына орай «Батыр Баян» жырын жатқа айтушылар байқауы өтті.

Мақсаты: Мағжан ақынның жырларын насихаттау, тыңдаушының бойында ата-баба ерлігіне деген мақтаныш сезімін ұялату, алаштың аяулы ақыны Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығын мерекелеуге үлес қосу болып табылады.

Байқауда Көкшетау қаласы бойынша 9 мектептен 10 оқушы бақ сынады. Оқушылардың жұмысын қазылар алқасы жатқа айту қабілетіне, дауыс ырғағына, әртістік қабілеті мен орындау шеберлігі критерийлері бойынша бағалады.

Байқау қатысушыларына жазушы, Тіл жанашыры Қ.Б. Төлекеев, ф.ғ.к., Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау университетінің оқытушысы С.Н. Жәмбек, ақын, Қалалық кітапханалар жүйесінің директоры С.С. Жетпісқалиев, Көкшетау қаласы білім бөлімінің тәрбие жұмысы жөніндегі әдіскері С.Қ. Беккажанова мен Мәлік Ғабдуллин музейінің директоры К.Ж. Мукушевтөрелік етті.

Қазылар алқасының шешімі бойынша жүлделі III орынды Красный Яр №3 мектеп гимназиясының 8 сынып оқушысы Дастанов Нұрислам, II орынды №21 мектеп лицейінің 6 сынып оқушысы Нуртаева Дильназ иеленсе, I орынды Мырзаханова Толғанай жеңіп алды.

Ал №8 орта мектептің 9 сынып оқышысы Сливканич Анна ынталандыру сыйлығымен марапатталды.

Қатысушыларға алғыс хаттар табысталып, жүлдегерлеге дипломдар мен арнайы сыйлықтар табысталды.

05.05.2023

Қараулар: 6186

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау