Мәлік Ғабдуллин музейі қала мектептерімен ынтымақтастық меморандумы аясында тығыз байланыста жұмыс істейді. 2 желтоқсан күні №13 мектеп-гимназиясында «Тарих» пәні апталығы аясында жоғарғы сынып оқушыларының арасында «Көкшетау соғыс жылдарында» атты қысқаметражды фильмдер байқауы өтті. Байқауға 10-11 сынып оқушылары қатысып, қазылар алқасының назарына «Көкшетау соғыс жылдарында» және «Ұлы Отан соғысындағы Көкшетаулық батырлар» номинациялары бойынша қызықты әрі танымды қысқаметражды фильмдерін ұсынды. Кеңес Одағының батыры, академик Мәлік Ғабдуллин бейнесін жасанды интелект арқылы көрсетуі өте ұтымды шықты.Байқауға №13 мектеп гимназиясының директоры Айшолпан Қыдырбайқызы Самбаева, Мәлік Ғабдуллин музейінің ғылыми қызметкері Эльмира Ермекқызы Ержанова және мектеп кітапханасының меңгерушісі Наталья Станиславовна Свидерская төрелік етті.
02.12.2024
Қараулар: 323