Жаз басталғанда Көкшетау жеріне қонақтар көп келеді. Әрине, «Өткеніңді білмесең, өскенің қайсы» демекші, елінің өткені мен тарихын білгісі келетін әрбір адам музей есігін ашады. Тамыз айының тамаша күндері арысы Қызылордадан, бергісі Қостанайдан және өз жеріміздегі мектеп оқушылары мен балабақша балдырғандары келіп, Мәлік батыр тұлғасымен танысып, танымды саяхат жасады.
04.08.2023
Қараулар: 693