22-23 тамыз күндері Түркістандағы «Ұлы Дала елі» орталығында Музей мамандарының I Жазғы мектебі өтті.
Іс-шараға Қазақстанның 11 облысынан: Қызылорда, Семей, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Жетісу, Маңғыстау, Ақмола, Атырау, Жамбыл облыстары мен Түркістан, Ұлытау қалаларынан 100-ден астам облыстық тарихи-өлкетану музейлерінің, тұлғалық музейлердің, аудандық филиалдарынан келген музей мамандары қатысты. Жазғы мектепте музей ісінің ардагерлері, білікті мамандар спикер болды.
Музей мамандары үшін ұйымдастырылған Жазғы мектеп жобасының ашылу салтанатында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Б.Д.Тәжібаев, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитеті Музейлер мен кітапханалар басқармасының басшысы Г.А. Пазылова құттықтау сөз сөйледі.
Маусымдық мектепте музей саласының түрлі бағытында зерттеулер жүргізетін, біліктілігі жоғары мамандар өз тәжірибелерімен бөлісті. ҚР Ұлттық музейінің бас қор сақтаушысы Б.Р. Ақпасованың «Біз білуге тиісті 10 қағида: Музейдің қор сақтау қызметін қалай ұйымдастырамыз?» деген дәрісінен басталды. Содан кейін философия ғылымдарының докторы, профессор Г.Шалабаева, ҚР Орталық музейдің директоры Р.Харипова, Мәдениет саласының үздігі Т.Жұмалиева, музейтанушы Н.Жолбарыс, Еуразия ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері А.Жүнісбай, «Болашақ» бағдарламасының түлегі Е.Оспанов дәрістер оқып, өздерінің тәжірибелерін тыңдаушы ортаға ұсынды.
Жазғы мектептің екінші күнінде «Сұрауы бар» ютуб жобасының авторы, медиаменеджер Е.Сейілханның, «Ютуб платформасын пайдалану әдістері», SMM маманы Е.Сейтахметтің «Қоғамдық және мемлекеттік ұйымдардың әлеуметтік медиадағы жұмысы», ҚР Мәдениет және туризм саласының еңбек сіңірген қызметкері, халықаралық дәрежеде аккредиттелген экскурсия жетекшісі-гид Б.Оразымбетованың «Экскурсия жетекшісі - экскурсия қызметінің маңызды тұлғасы», ҚР Мәдениет саласының үздігі Тамара Жұмалиеваның «Музейдің ұлт мұрасын насихаттау мен танытудағы рөлі» дәрістерін қызыға тындадық
Жоба авторы, ҚР Мәдениет саласының үздігі, музейтанушы Н. Жолбарыс «Туркістандағы талқы: Қазақстан музейлерінің болашағы» деп екі күндік жобаны қорытындылады.
Жоба соңында қатысушыларға музей қызметкерлерінің І Жазғы мектебін тәмәмдағаны туралы сертификаттар табысталды.
Бұл жобаның музей қызметкерлері үшін жаңа әдістемелік ортаны қалыптастыруда, біліктіліктерін арттыруда, кәсіби қарым-қатынасты орнатуда, жалпы музей жұмысын дамыту үшін маңызы зор.
23.08.2023
Қараулар: 233