Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
ХІХ Ғ. АЯҒЫ МЕН ХХ Ғ. БАСЫНДАҒЫ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БОЛЫС БАСҚАРУШЫЛАРЫ ТУРАЛЫ
Уәлиев Талапкер Асқарұлы (Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті)
Талант Мауқанұлы (Вашингтон университеті, Сиэтл қ. АҚШ)
Қажыбай Жанат Жаңбырбайқызы (Мәлік Ғабдуллин музейінің ғылыми қызметкері)
ХІХ ғасыр аяғы мен ХХ ғасыр басында көшпелі қазақ қоғамының билік
аппаратында болыстан маңызды адам болған жоқ еді. Бұл лауазымды
тұлғалардың қызметі Ресей империясының дала аймағын отарлау кезеңінде
қазақ халқын басқарып билеудің маңызды тетік-құралы, кейін символы
болды деп айтсақ артық әрі алыс кетпейміз. Дегенмен, бұл отарлау кезеңінде
қалыптасқан саяси-әлеуметтік элитаның қызметін тек отарлаушы
империяның саясатын қазақ даласында жүзеге асырушы шенеуніктердің кіші
буыны ғана ретінде қарастыратын болсақ, тарихи шынайлықтан алыстай
түсеміз. Шындығында болыстар қазақ қоғамында, қазақ сары даласында
капиталистік қатынастардың бәйшешегі өсіп шығып жатқанда жасаған,
қателескен, билікке таласқа түскен пенделер ғана...
Қазақтың болыстық басқарушылары замандастарының көркем және
публицистикалық шығармаларында да, ХХ ғасыр зерттеушілерінің
еңбектерінде де екіұшты – қарама-қайшы баға алғаны белгілі. Кеңес
дәуірінің тарихи әдебиетінде бұл шенеуніктер марксистік таптық теориясы
тұрғысында қарастырылды және оларға қанаушылар мен еңбек халқының
жаулары деген белгі қойылды. Екіншіден, зерттеушілерге қазақтың
болыстық басқарушыларының дербес сипаттамаларын зерделеу міндеті
қойылмаған еді. Әлі күнге дейін болыстардың өмірбаяны, шыққан ортасы,
шежіресі, болыстардың тізімдері, фотосуреттер тиісті түрде қолға алынбады.
Болыстар десе, қоғамда көбінесе, негативті коннатацияда ассоциациялар
туындайды: ол міндетті түрде жасы елуден асқан, толықша келген адам.
Қоғамдық өмірде сараңдығымен, қатаңдығымен көзге түскен адам ретінде
бағалау басым. Осы орайда, қазақ болыстарының шынайы әлеуметтік-тарихи
бейнесін қайта жаңғырту өте өзекті болып отыр,
Қазақ болыстық басқарушысының әлеуметтік-тарихи портретін жасау
үшін біз болыстық басқарушылардың жас ерекшеліктерін, олардың білім
деңгейін, әлеуметтік шығу тегі мен материалдық жағдайын талдауымыз
қажет. 1869-1916 жж аралығында барлығы болыстық басқарушылар мен
оларға кандидаттарды сайлау 16 рет өткізілді. Бастапқы кезеңде 1870-1880
жылдары сайланған болыс билеушілерінің саны 45-50 адамға дейін өзгерді.
ХХ ғасырдың басында олардың саны 120-ға жуық болды.
1869-1916 жж. Аралығында болыстық басқарушы лауазымға
үміткерлерге қойылатын талаптар бастапқыда 1868 жылғы Ережемен
белгіленіп, 1891 жылғы Ережемен бекітілді [1: 323-340; 387-399]. 1868
жылғы § 65 «Уақытша Ережеге» сәйкес, «халықтың құрметі мен сеніміне ие,
сотта абыройы төгілмеген, тергеуге алынбаған және кем дегенде 25 жасқа
толған кез келген адам сайлануы мүмкін» [1: 327]. Ережеден көрініп
тұрғандай, болыс билеушісі лауазымына орналасу үшін жас шегі белгіленді.
Болыс басқарушысы лауазымын иемденуге ниет еткен үміткерлердің жасы
сайлау парақтарында бекітілуі тиіс еді. Бірақ, біріншіден, үміткерлер парағы
түрінде жасты белгілеу үшін міндетті баған пункт болғанымен,
үміткерлердің парақтары әрдайым толық толтырыла бермеді, екіншіден,
болыс билеушісінің жасы әр жылдардағы парақтарындағы жасымен сәйкес
келмеді. 1893 жылғы 31 тамыздағы үміткерлер парағында Рахимжан
Бердікеевтің 30 жаста екендігі көрсетілген [2: 364]. Ал 1901 жылғы 23
маусымдағы үміткерлер парағында ол сегіз жыл өтсе де, 36 жаста екендігі
жазылған [3: 397]. Бұл сайланбалы тәжірибеде жалғыз орын алған жағдай
емес.
Қажетті жасты дәлелдеу үшін үміткерлер медициналық куәландыруды
немесе қоғамның өзінен растауды ұсынды. Жалпы, қазақтар метрикалық
куәліктердің жоқтығын және отбасылық тізімдерді ұқыпсыз жүргізуді
пайдалана отырып, Ереженің осы бабын жиі бұзғанын атап өткен жөн. Мұны
сайланбалы үміткерлер парақтары арқылы байқауға болады. Ақмола уезінің
Ақтау болысының басқарушысы Сүлейман Туткучевтің 1904 жылғы 24
қазандағы сайлауға түсу парағындағы жасы 36 жасты құрайды [4: 41]. Егер
бұл сайлау парағында көрсетілген жасына сүйенетін болсақ, 1890 жылы
алғаш рет болыс басқарушысы болып сайланған кезде ол 25 жасқа толмағын
боп шығады. Алайда, сайлау парағында ол 27 жаста деп көрсетілген екен.
Архивтік құжаттарды талдау негізінде болыс басқарушысының негізгі
кезеңдердегі орташа жасын шамамен анықтауға болады [5: 63]:
1893-1896 жж. – 41-42 жыл болды.
1908-1910 жж. - 45-47 жыл болды.
Диаграмма деректерінен көріп отырғаныңыздай, орта жастағы
көрсеткіштер өте жоғары. Бұл жас шеңберлері болыстық басқарушыларды
сайлау кезінде болыстық басқарушы лауазымында жұмыс істеудің
практикалық тәжірибесі қазақ халқы үшін сайлаушылар ретінде де,
отаршылдық әкімшілік үшін де айқындаушы мәнге ие болғандығын
айғақтайды.
Зерттеу кезеңінің соңында ғана болыс билеушілерінің құрамын жасарту
үрдісі байқалады. Бұл құбылыстың ықтимал себептерінің бірі 1911 жылы
Ақмола облыстық әкімшілігінің орыс тілін міндетті түрде білу талаптарын
енгізуі болып табылады және жас ұрпақ өкілдерінің орыс-қазақ
мектептерінде оқыту мүмкіндіктері көбірек болды.
Болыс басқарушылары институына тағы бір тән ерекшелік — ол болыс
билеушісінің ұзақ мерзім басқаруы болып табылады. Ақмола облысында бір
адам бірнеше мерзім - үш жыл ішінде болыстық басқарушы лауазымына
қайта сайланған көптеген мысалдар бар. Ақмола губернаторының болыстық
аппараттың лауазымды тұлғаларын бекіту туралы бұйрықтарынан алынған
ақпаратқа сүйене отырып, болыстық басқарушының лауазымын ұзақ уақыт
бойы бір адам иеленгені туралы фактілерді байқауға болады. Ақмола
облысындағы болыс басқарушысы ретінде ең ұзақ отырғандар - Шон
Телғозин, Омар Ибрагимов, Кәрібай Жаманов және Қалманбай Байдәулетов
болды. Ақмола уезінің Қараағаш болысында Шоң Телғозин, 1871 жылдан
1894 жылға дейін сегіз мерзімге болыстық басқарушы лауазымына сайланды.
Ақмола уезінің Есіл болысында 1869 жылдан 1896 жылға дейін 25 жылдан
астам уақыт бойы болыс билеушісі қызметін Омар Ибрагимов атқарды.
Ереймен болысындағы Кәрібай Жаманов 1872 жылдан бастап сегіз үш жыл
бойы болыс билеушісі болып сайланды. Қалманбай Байдәулетов Атбасар
уезінің Сарысу болысының болыстық басқарушысы сегіз үш жылға
сайланды. Ақмола уезінің Қоржынкөл болысында Нұралы Саққұлақов 1869
жылдан 1882 жылға дейін қайтыс болғанға дейін болыстық басқарушы
лауазымына сайланды. Кейін бұл қызметті оның інісі Ералы Саққұлақов пен
ұлы Олжабай Нұралин үзіліссіз атқарды. Ақмола уезінде мұндай мысалдар
көп: Мұстафа Татиев (Спасск болысы), Рахымжан Жайықпаев (Ақмола
болысы), Мақажан Жәнібеков (Нілді болысы), Нұрлан Қияшев (Шерубай-
Нұра болысы); Омбы уезінде: Хасен Кәкенев (Омбы болысы) [5: 64]. Ақмола
облысының болыстарының жартысынан көбінде басқарушылар 4-5 мерзім-
үш жыл қызмет атқарды.
Әрине, лауазымды атқарған адамның жеке қасиеттері маңызды рөл
атқарды. Уездік және шаруа бастықтарының қызметтік құжаттарында және
қазақ халқының өтініштерінде Шон Телгозин, Нұрлан Қияшев, Торсан
Тілемісовтың
болыстық
басқарушыларының
жеке
қасиеттерінің
сипаттамалары кездеседі. Болыс билеушілерінің іскерлік қасиеттерінің тағы
бір дәлелі ретінде олардың көпшілігі сол кезде табысты кәсіпкер болуын
атауға болады.
Уездік бастықтар болыстық басқарушылардың қызметін сипаттау
кезінде өздерінің баянаттары мен баяндамаларында кәсіпкерлік, адамдармен
жұмыс істей білу және т. б. сияқты үміткерлердің қасиеттеріне көп көңіл
бөлді. Үміткерлердің іскерлік қасиеттері, ақыл-ойы, рулық беделі лауазымға
орналасу үшін маңызды рөл атқарды. Т. Т. Далаеваның пікірінше: «далада
болып жатқан өзгерістерге нақты беделі мен өз пікірі бар қазақтар болыстық
басқарушылар лауазымына үміткер бола алды» [6: 130].
Егер болыс билеушілері белгілі бір себептермен жаңа үшжылдыққа өз
кандидатураларын ұсына алмаса, онда олар осы лауазымға ең жақын туысын
ұлының немесе ағасының атынан сайлаудың барлық мүмкін әдістеріне
жүгінді. Көбінесе болыс билеушісі және оған кандидат лауазымдарын жақын
туыстары бір уақытта атқарды: әкесі мен ұлы, ұлы мен әкесі, туыстары.
Болыс билеушісі лауазымын әкесінен ұлына, үлкен ағасынан кіші інісіне
беру үрдісі байқалады. Біртіндеп болыс билеушілерінің отбасылық әулеттері
қалыптасады. Мысал ретінде Көкшетау уезінің Шалқар болысында
Қошқарбай Өтеповтің кланын айтуға болады. Қошқарбай Өтепов 1887-1889
жылы болыс болса, кейін оның туысы Назар Бабасов (олардың әкелері Өтеп
пен Бабас бір туған, ағайынды болған) болыс басқарушысы болады, ал Назар
Бабасовтан кейін Қошқарбай Өтеповтың баласы, Назар Бабасовтың інісі –
Ескендір Қошқарбаев болыс басқарушы қызметін атқарады.
Осы әлеуметтік топ өкілдерінің көпшілігі болыстық басқарушылар
болып сайланғанға дейін ауыл старшиналары, болыстық сайланған және
халық судьялары лауазымында жұмыс істеген. Сонымен қатар, болыстық
басқарушы лауазымына үміткерлер алдымен оған кандидат лауазымына,
содан кейін болыстық басқарушы лауазымына үміткер болған кезде тәжірибе
кең таралды. Егер жергілікті элитаның өкілдері өздерінің саяси мансабын
жас кезінен бастаған болса, онда олар көбінесе болыс билеушісіне үміткер
болып сайланды.
Болыс билеушілері мансабының басында писарь немесе іс-жүргізуші
болған бірнеше жағдайлар бар. Бірақ мұндай мысалдар өте аз. Ақмола
уезінде Жоң Телгозин аудандық бұйрықта хатшы болған. Омбы уезінде
Хасен Кәкенев болыс іс-жүргізуші болған [5: 68].
Өз жағдайына байланысты болыстық басқарушылар уездік бастық
немесе шаруа бастығы болсын, өздерінің тікелей басшыларымен байланыста
болуы керек (қарым-қатынасқа түсуі керек). Әрине, тұлғааралық вербальды
(ауызша) өзара әрекеттесу проблемасы туындады, яғни болыс билеушілерінің
орыс тілін білуі. 1868 және 1891 ережелерінде болса да болыстық
басқарушыларға үміткерлерге қойылатын талаптар тізімінде ауызекі орыс
тілін білу қажеттілігі көрсетілмеген, әкімшілік уездік бастықтар мен шаруа
басшылары атынан орыс тілін жетік білетін болыстық басқарушыларға адал
қарады. Мысалы, шаруа басшыларының съезінің шешімінде осындай
сипаттама берілген: «Джакен Мустафин – один из самых лучших волостных
управителей. Он знает русский язык, знает свои обязанности и известен за
честного и справедливого человека. Если он не получил и большинства
избирательных шаров, то только потому что против него интриговала
партия, тогда как он сам в борьбе этой не принимает участия» [5: 68]. Ал
Ақмола болысының бұрынғы болыстық басқарушысы Әбдірахман
Жайықпаевтың мінездемесінде оның сауатсыздығы атап көрсетілген: : «Что
же касается Абдрахмана Джаикпаева, то он хотя и служил 9 лет волостным
управителем, но совершенно не говорит и не понимает по-русски и грамоты
русской не знает, а научился лишь автоматически подписывать свое имя и
фамилию» [5: 68]. Ресми құжаттарда бұл ақпарат туралы айтылмады,
мысалы, 1911 жылға дейін үміткердің «орыс тілінде сауатты» екендігіне баса
назар аударылмады. Болыс билеушілерінің міндеттеріне бірқатар қызметтік
құжаттарға қол қою кірді: болыс съездерінің үкімдері, сайлауға түсу
парақтары, уездік және шаруа бастықтарының атына баянаттар, бірақ
құжаттарды болыс писарьлері өздері дайындады, ал болыс билеушілері
сауатты болмаса, хат танымаса, құжаттарға лауазымдық мөр мен жеке
факсимильді қосып тапсыратын. Сондықтан көбінесе қазақ лауазымды
тұлғалары қызметтік хат-хабарларға қол қоя отырып, құжаттардың мазмұны
туралы болыс писарьлерінің сөздерінен ғана білетін. 1896 жылы император
Николай II-нің таққа отыру рәсіміне бару үшін Ақмола облысының
депутаттығына болыстық басқарушылардың кандидатуралары таңдалған
кезде, уездік бастықтар белгілі бір лауазымды адамға сипаттама бере
отырып, олардың орыс тілін білуі туралы мәлімет берген еді. Ақмола уездік
бастығы былай деп жазады: «Имею честь донести, что так как не один из
волостных управителей Акмолинского уезда совершенно не владеет русской
разговорной речью, то отправка такого лица в Москву на предстоящую
Коронацию, поставит это лицо в довольно затруднительное положение…» [5,
69-бет]. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ақмола облысында қазақ
лауазымды тұлғаларының біршамасы ғана орыс тілін меңгерген болатын.
Омбы уезінде орыс тілін жақсы меңгергендердің ішінде Омбы болысының
басқарушысы Хасен Кәкенев пен Покровка болысының басқарушысы Тәшім
Бертібаев болды [5: 69]. Көкшетау уезінде Мезгіл болысының басқарушысы
Жаналы Мырзалин және Шалқар болысының басқарушысы Оспан Тілембаев
болды[5: 69].
ХХ ғасырдың бірінші онкүндігінің соңына қарай қазақ болыстық
басқарушыларының бір бөлігі ғана өз лауазымдық міндеттерін орындау үшін
орыс тілін білу қажеттілігі туралы уақыт талабын қабылдайды. Алайда, бұл
хабардарлық егде жастағы шенеуніктердің өздері орыс тілін үйренуге емес,
ұлдарын орыс мектептеріне оқытуға бере бастайтындығына байланысты, бұл
олардың сайланған лауазымға орналасу мүмкіндігін жеңілдететінін түсінеді.
Тек 1911 жылдан бастап облыстық әкімшілік Қазақ сайланған
лауазымды тұлғаларының орыс тілін міндетті түрде білуі туралы мәселені
күн тәртібіне қойды, Ақмола губернаторының болыстық әкімшілік
тұлғаларының орыс тілін білу қажеттілігі туралы өкімі шықты. Орыс тілінде
сауаттылығын растау үшін кейбір үміткерлер білім туралы құжаттарды
ұсынды.
Ақмола губернаторы 1912 жылғы қазанда шаруа бастықтарына сайлау
өткізілмес бұрын өкімін нақтылап жариялайды: «Циркулярами от 20 апреля
1911 г. и 12.июля с.г. за №№8239 и 9947 обращено внимание крестьянских
начальников на необходимость знания русского языка лицами, избранными
киргизским населением в должности волостных управителей, аульных
старшин и народных судей. …. что в должностях будут утверждать лишь
лиц, знающих хотя бы русскую разговорную речь» [5: 69]. 1913-1914
жылдардағы сайлау науқанына облыстық әкімшілік сайланбалы
лауазымдарға кандидаттардың орыс тілін білу мәселесіне қатаң қарады.
Ақмола облысының көптеген болыстарында сайланған лауазымдарға
сайланған кандидаттарды губернатор орыс тілін білмегендіктен бекітпеді
және сайлау екінші рет қайта өткізілді. Көкшетау уезінің алты болысында
және Атбасар уезінің алты болысында, Ақмола уезінің 15-тен астам
болысында осындай жағдайлар орын алды. Мұрағаттық құжаттарды талдау
Омбы қаласының облыс орталығынан алыс орналасқан болыстардың
болыстық басқарушылары іс жүзінде орыс тілін білмегендігін көрсетті. Осы
кезеңде Торғай облысы мен Семей облысында қазақ болыстық
басқарушыларының орыс тілін білуіне қатысты жағдай әлдеқайда жақсы
болды.
Қазақ қоғамындағы әлеуметтік мәртебе үшін адамның экономикалық
және материалдық жағдайы үлкен маңызға ие болды. Халықтың пікірінше,
қоғамды жеткілікті бай және ауқатты адам ғана басқара алады. Бұрынғы
Айыртау болысының басқарушысы Тоқсанбай Сасықов өз өтінішінде атап
өткендей: «У киргиз бедные люди без особых личных способностей в
управители не попадают» [5: 71]. Жалпы, байлық болыс билеушісі
лауазымына үміткерді сипаттаудағы маңызды компоненттердің бірі
болғанын атап өткен жөн. Бай емес, жарлы адам, халықтың пікірінше,
болысты басқара алмады. Экономикалық капиталы жеткіліксіз адам
қазыналық ақшаны басқара алмайды деп есептелді. Ысырап болған жағдайда,
берешекті төлеудің барлық ауырлығы болыстың барлық тұрғындарына
жүктелетін, өйткені дала жағдайы бойынша төленбеген жағдайда берешек
халықтың мойынына артылып, көппен бірге қайтарылатын еді.
Жалпы, қазақ қоғамында болыс билеушілері туралы өте жағымсыз
стереотип қалыптасты: болыс билеушісі-міндетті түрде пара алушы,
қанаушы, алдамшы және т.б. мұндай бейненің пайда болуының көп бөлігі
үшін біз революцияға дейінгі кезеңдегі қазақ көркем әдебиетіне
қарыздармыз. Әдебиет шығармаларында әділ және адал қызметшілер, әділ
және принципті болыстық басқарушылар іс жүзінде жоқ. Әрине, мұндай
бейнелер жайдан-жай, бекерден-бекер тумаған.
Болыс билеушісінің тұлғасы, замандастарының арасында да, ғылыми
зерттеулерде де өте біржақты болып шыққанымен, олардың арасында
адамдар өз уақыттары үшін жеткілікті прогрессивті-озық және белсенді
қайраткерлері болды. Зерттеуші А. Айтмұхамбетов Омбы уезінің Омбы
болысының ұзақ уақыт бойы болыстық басқарушысы қызметін атқарған
Хасен Кәкеневтің қайырымдылық қызметін атап өтеді: «Зауряд хорунжий
Хасен Какенев в должности почетного блюстителя патронировал
Полтавскую русско-казахскую волостную школу. Такие факты носили
распространенный характер в регионах расселения казахов» [7: 189]. 1884-
1887 жылдары Ақмола уезінің Нілді болысының болыстық басқарушысы
Мұстафа Жаныбеков Омбыда танымал болған. Ол этнографиялық сипаттағы
түпнұсқа үлгілерді жинап, тапсырып отырған. Дала генерал-губернаторының
бұйрығымен ол 1888 жылы 2 наурызда Императорлық Орыс Географиялық
қоғамының Батыс Сібір бөлімінің мұражайына қазақ тұрмыстық заттарын
бергені үшін II дәрежелі Құрметті халатпен марапатталды [8: 2].
Болыстық басқарушы портретінің әлеуметтік ерекшеліктеріне қазақ
халқының биліктің дәстүрлі заңдылығы туралы түсініктері айтарлықтай әсер
етті. Қарастырған кезеңде (1869-1916 жж.) текті және ауқатты рулардың
өкілдері болыс билеушілері болып сайланды, олардың ата-бабалары
ғасырлар бойы қара сүйектерден құралған саяси элитаның құрамына кірген
болатын. Ақмола облысына сол адамдардың болыстық басқарушының
лауазымдық міндеттерін ұзақ уақыт атқаруы тән болды. Олар билікті
ешкіммен бөліспей, қалайда өз уысында ұстауға тырысып бақты. Соның
ішінде болысты сайлайтын адамдарға пара беру үшін материалдық
ресурстарды, рулық қолдауды және жоғары мемлекеттік органдарға
өтініштер мен сұраулар жазуды пайдаланды. Қызметтен кету кезінде болыс
билеушілері оны жақын туыстарына «тапсырып беруге» тырысты және бұл
көбінесе болыс билеушілерінің отбасылық-рулық әулеттерінің қалыптасуына
әкелді.
ХІХ ғасырдың аяғындағы реформалар барысында жергілікті басқару
институтының
енгізіліп
жатқан
нормаларына
бейімделу
басқарушыларының жасына әсер етті: егер дәстүрлі қазақ қоғамында билік
өкілеттіктерін тәжірибесі мол аға буын жүзеге асырса, онда ХХ ғасырдың
басында болыс басқарушысының орташа бастапқы жасы 35-45 жасты, ресми
нормасы кезінде – 25 жастан бастап құрады. Болыс билеушілерін сайлауда
басқару тәжірибесі сайлаушылар үшін де, отаршылдық әкімшілік үшін де
маңызды болып қала берді. ХХ ғасырдың басында орыс тілінде сөйлейтін
және шығыс құжаттарына орыс тілінде қол қоя алатын болыстық
басқарушылар санының өсу тенденциясы байқалады. 1911 жылы (басқа дала
облыстарына қарағанда әлдеқайда кешірек) Ақмола облыс губернаторы
болыстық басқарушы лауазымына орналасу үшін міндетті түрде орыс тілін
білу және сауатты болу талабын енгізеді.
Жалпы, болыс билеушісінің жағдайы жақсы болды деуге келмейді. Жиі
жағдай болыс екі оттың арасында қалып отырды. Бір жағынан, қазақ
сайлаушылармен сайланған болыс бола отыра, ол осы қоғамының мүдделерін
қорғап, жанашыр болу керек еді. Бірақ, екінші жағынан келгенде, шенеунік
ретінде ол отаршылдық әкімшіліктің бұйрықтары мен құрылуын жүзеге
асыруға міндетті болды.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1 Волости и волостные управители (ХIХ – начало ХХ вв): сборник
документов и материалов/отв. ред. Г.С. Султангалиева, сост. Г.С.
Султангалиева, Т.Т. Далаева, С.К. Удербаева, Б.У. Маликов. – Алматы:
«Қазақ университеті», 2018 - 298 с.
2 ҚР ОМА. 369 қ., 1 т., 3427 іс, 364 п.
3 ҚР ОМА. 369 қ., 1 т., 3743 іс, 397 п.
4 ҚР ОМА. 369 қ., 1 т., 8840 іс, 41 п.
5 Бимолданова А.А. Аппарат власти и практики реализации местного
управления в кочевых волостях Акмолинской области (вторая пол. XIX - нач.
ХХ вв.)//Диссертация на соискание степени доктора философии PhD.
Казахский национальный педагогический университет им. Абая, Алматы,
2021.178-бет.
6 Далаева Т.Т. Алихан Букейханов о выборах казахских волостных
управителей в начале ХХ века. //Политические лидеры тюркских и
мусульманских народов Евразии: судьбы, идеи, личности. Начало ХХ века:
материалы междунар. научно-практ. конф. - Алматы: КазНПУ имени Абая. –
2016 – С. 125 – 130
7 Айтмухамбетов А.А. Казахские служащие Российской империи:
формирование, профессиональная и общественно-политическая деятельность
в XIX начале XX вв. (Исторический аспект): диссертация ... доктора
исторических наук: 07.00.02. - Семей, 2010 –346 с.
8 Особое прибавление к Акмолинским областным ведомостям. Омск, 1888
№ 9

31.12.2024

Қараулар: 155

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау