16-21 мамыр аралығында Ер түріктің бесігі атанған киелі Түркістан қаласында мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлері арасында «Рухани қазына-2022» фестивалі өтті.
Бұл фестивальде Мәлік Ғабдуллин музейінің ұжымы «Үздік атаулы (мемориалдық) музей», «Балаларға арналған үздік музейлік жоба», «Үздік экскурсия жүргізуші - 2022» атты үш номинация бойынша бақ сынады.
21 мамыр күні «Рухани қазына-2022» фестивалінің қорытындысы бойынша қазылар алқасының бірыңғай шешімімен Мәлік Ғабдуллин музейі «Үздік атаулы (мемориалдық) музей» номинациясы бойынша жеңіске жетіп, 1 млн теңге көлемінде сыйақы берілді.
16.05.2022
Қараулар: 1269