Биыл екінші дүниежүзілік соғыстың Жеңіспен аяқталғанына 80 жыл.
9 мамыр – халқымыздың өшпес ерлігі мен шексіз қаһармандығының ұлықталатын күні. Осы айтулы күнге орай Мәлік Ғабдуллин музейінің ұжымы жылдағы дәстүрден жаңылмай, ерлігімен елге, еңбегімен ғылымға танылған тұлғаның ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, батыр рухына тағзым етті.
Қазақ халқының батыр ұлы Мәлік Ғабдуллинге тағзым ете отырып, жас ұрпақты отаншылдыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу, Мәлік батырдың ерлігі мен еңбегін, қамқорлығы мен қайырымын жас ұрпаққа жеткізу, насихаттау біздер үшін абыройлы міндет болып қала береді.
09.05.2025
Қараулар: 432