Өткен апта әдеттегідей экскурсияға толы болды. Мәлік батырдың өнегелі өмір жолымен, шығармашылығымен танысу үшін қала тұрғындары, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының мұғалімдері және Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті мен жоғары техникалық колледждің студенттері келді. Ерекше әсерге бөленген қонақтар музей ұжымына алғысын білдіріп, тілек кітабына жылы лебіздерін қалдырды.
24.09.2023
Қараулар: 497