Үстіміздегі жылдың 22–26 маусым аралығында Астана қаласындағы ҚР Ұлттық музейінде “Қазақстан Республикасы музейлерін цифрландыру және дамыту” атты республикалық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті.
Аталған шараға Мәлік Ғабдуллин музейінің қызметкері Б. Баймағанбет қатысты.
Семинар барысында заманауи музей ісін дамыту, жәдігерлерді цифрлық форматқа көшіру және инновациялық технологияларды енгізу мәселелері талқыланды.
Жиынның ең жарқын сәттерінің бірі — Б. Баймағанбеттің ағылшын тілінде жасаған баяндамасы болды. Әріптесіз еліміздегі тұлғалық музейлердің қазіргі жағдайы, оларды сақтау және дәріптеу мәселелерін кеңінен қозғап, шетелдік және отандық мамандардың жоғары бағасына ие болды.
Музей қызметкерлерінің мұндай халықаралық деңгейдегі кәсіби алаңдарда сөйлеуі — Мәлік Ғабдуллин музейінің ғылыми әлеуеті мен заманауи бағытын айқындаса керек.
25.06.2026
Қараулар: 78