Ұлттық домбыра күніне орай Мәлік Ғабдуллин музейінде домбыра жасаушы шебер Самат Кадралинмен тағылымды кездесу өтті.
Шебер қатысушыларға домбыра жасаудың қыр-сырымен бөлісіп, өзінің қолынан шыққан ұлттық аспаптың ерекшеліктерін көрсетті. Сонымен қатар шеберлік сағат өткізіп, домбыраның қалай жасалатынын жан-жақты таныстырды.
Кездесу соңында музей директоры Мұхаммед Қонқаев Самат Кадралинге естелік сыйлық табыстады. Ал дәстүрлі әнші Кенжебай Мукушев Самат Кадралин жасаған домбырамен ән шырқап, шараның шырайын аша түсті.
06.07.2025
Қараулар: 160