Мұғалімдерге "Zoom" платформасы арқылы «Музейлер мен туристік ұйымдарды цифрландыру. Оқу үрдісінде электронды карталар мен экскурсияларды пайдалану» тақырыбында 3 сағаттық онлайн дәріс сабағы оқылды.
М.Ғабдуллин музейіне Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің біліктілікті арттырудың республикалық оқу — әдістемелік орталығы қосымша білім беру мұғалімдері үшін «Балалар мен жасөспірімдер туризмін дамытудағы заманауи трендтер (SMART негіздері)» бойынша 180 сағаттық дәріс сабақ ұйымдастырып өткізу бойынша ұсыныс жасады.
1-ші қазан күні М.Ғабдуллин музейінің ғылыми қызметкері Эльмира Ермекқызы Ержанова Астана қаласындағы республикалық оқу-әдістемелік орталығында біліктілік арттыру курсында білім алып жатқан мұғалімдерге «Музейлер мен туристік ұйымдарды цифрландыру. Оқу үрдісінде электронды карталар мен экскурсияларды пайдалану» тақырыбында 3 сағаттық "Zoom" бағдарламасы арқылы онлайн дәріс сабақ өткізді.
Заманауи сандық технологиялар елдің әрбір азаматының күнделікті өмірінің ажырамас бөлігіне айналып, күн өткен сайын біздің өміріміздің түрлі салаларын қамтып келеді.
М. Ғабдуллин музейі де осы үрдістен қалмай халықты жылдам әрі қолжетімді ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында өз жұмысын автоматтандырылған интеграцияланған ақпараттық «AS-Museum» бағдарламалық жүйесіне көшті.
Қазақстандық музейлердің «E-museum» виртуалды желісіне қосылу жұмысын бастады. Музей қызметкерлері музей залдарын таныстырудың 3Д форматын көрерменге ұсынып, музей залдары мен тыныс-тіршілігі жайында қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде QR-код арқылы ақпараттар беріп, жасанды интеллект арқылы музей жәдігерлерін жандандыру жолында жұмыс істеуде.
Тыңдаушы педагогтар осындай атқарылып жатқан жұмыстарды насихаттап, қажетті ақпараттармен бөліскені үшін Эльмира Ермекқызына өздерінің алғыстарын жеткізді және заманауи ақпараттық көштің алды болып озық технологияларды игерген Мәлік Ғабдуллин музейіне сәттілік тіледі.
01.10.2025
Қараулар: 30