Ақмола облысы мәдениет басқармасының
«Мәлiк Ғабдуллин музейi» КММ
KZ RU EN
Батырға тағзым

Биыл адамзат тарихындағы ең қасіретті кезеңдердің бірі – Екінші дүниежүзілік соғыстың Жеңіспен аяқталғанына 81 жыл толып отыр.

9 мамыр – ерлік пен елдіктің, батырлық пен жанқиярлықтың мәңгілікке ұлықталатын қасиетті күні. Бұл күн – бейбіт өмір үшін жанын қиған боздақтарды еске алып, олардың өшпес рухына тағзым ететін тағылымды мереке.

Осы атаулы дата аясында халқымыздың қаһарман перзенті, Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллиннің рухына құрмет көрсету мақсатында Ақмола облысы әкімінің, Мәлік Ғабдуллин музейінің, М.Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғаныс академиясы атынан гүл шоқтары қойылды.

Тағзым шарасына қатысушылар майдан даласында ерліктің ерен үлгісін көрсеткен батырдың асқақ рухына бас иіп, оның ел үшін жасаған жанқиярлық еңбегін зор құрметпен еске алды.

Батыр есімі – халық жадында. Оның ерлігі мен өр рухы ұрпақ санасында мәңгі жаңғырып, елдік пен бірліктің символы ретінде ұлықтала бермек.

 

09.05.2026

Қараулар: 46

Барлық жаңалықтарды оқу

Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыСайт города Кокшетау